Ііі. Есептің программасы


Студенттердің өз бетімен орындауға арналған тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет34/150
Дата21.05.2020
өлшемі1,13 Mb.
#70441
түріПрограмма
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   150
Байланысты:
baibaktina program

 
Студенттердің өз бетімен орындауға арналған тапсырмалары 
1. 
Келесі өрістерден тұратын DOC тип атаулы  структураны сипаттаңыз: 
 
Құжат жолының нөмірі; 
 
Жол мәтіні. 
Структураны анықтайтын айнымалыны S деп атаңыз. 


141 
 
2. 
Мектеп  мәліметтер  қорына  арналған  ақпараттан  тұратын  BAZA  тип  атаулы  
структураны сипаттаңыз: 
 
Оқушының жеке нөмірі ; 
 
ТАӘ; 
 
Туған жылы; 
 
Мекен-жайы. 
 
Структураны анықтайтын айнымалыны Inf деп атаңыз. 
3. 
Топ  оқушыларының  геометриядан  алған  бағаларынан  тұратын  Geometr  тип 
атаулы структураны сипаттаңыз: 
 
ТАӘ; 
 
Тоғыз айда алған бағалары, бір айда ең көбі 20 баға. 
Структураны анықтайтын айнымалыны Dig деп атаңыз. 
4. 
Қоймада 30 күннің орташа температурасы туралы ақпараттан тұратын Data тип 
атаулы структураны сипаттаңыз:  
 
Ай нөмірі; 
 
Температура. 
Структураны  анықтайтын  айнымалыны  Zamer  деп  атаңыз.  Структураға  келесі 
бастапқы  мәндерді  меншіктеңіз:  ай  аты  «маусым»,  бірінші  күннің  температурасы 
9,5.    
5. 
Пошта  мәліметтер  қорындағы  газет-журналдарға  жазылушылар  туралы 
ақпараттан тұратын  Post тип атаулы структураны сипаттаңыз: 
 
ТАӘ; 
 
Мекен-жайы; 
 
Газет-журналдар атауынан тұратын 10 жол. 
Структураны  анықтайтын  айнымалыны  G  деп  атаңыз.  Өрістерге  келесі  мәндерді 
меншіктетіңіз:  ‘Петров  И.В.’,  ‘Мәскеу  қ.,  Горький  к.,  5’,  ‘Московский 
комсомолец’, ‘Спорт’  
6. 
Достардың  телефон-анықтамалығын  сипаттайтын  структуралар  массивінен 
тұратын  программа  құрыңыз.  Онда  мәліметтерді  енгізуге,  фамилиясы  бойынша 
телефон  нөмірін  іздеуге,  «компьютер  ойындарымен  әуестенетін»  барлық 
абоненттерді есептеп, тізімін шығаруға болады. Структурада әрбір дос үшін келесі 
мәліметтер берілген:тегі, аты, телефоны, хоббиі. 
7. 
Химиялық  элементтер  кестесін  сипаттайтын  программа  құрыңыз.    Онда 
келесі  мәліметтерді  көрсетіңіз:  атауы,  символдық  белгіленуі,  атом  массасы, 
атомдық  ядроның  заряды,  негізгі  химиялық  қасиеттер  тізімі.  Программа 
көрсетілген  символдық  белгіленуіне  байланысты  химиялық  элемент  туралы 
мәліметті шығаруды, ең үлкен массалы, ең кіші ядро заряды бар элементті табуды 
орындауы қажет. 
8. 
Үй тұрғындары структурасы массивін сипаттайтын программа құрыңыз. Онда 
әрқайсысы  үшін  келесі  ақпараттар  берілген:  пәтер  нөмірі,  тегі,  аты,  жасы,  18 
жастан  асқан  тұрғындар  үшін  қызмет  түріне  байланысты  (оқу,  жұмыс,  зейнет)  – 
жұмыс орны  және еңбек өтілі  туралы, зейнеткерлер үшін зейнетке шыққан жылы 
туралы  жазба  болуы  керек.  Программа  мәліметтерді  енгізуді,  тұрғындар  саны  ең 


142 
 
көп  пәтерді  іздеуді,  ең  жас  және  ең  кәрі  тұрғынды  табуды,  студенттер  мен 
зейнеткерлерді іздеуді жүзеге асыруы керек.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет