Ііі. Есептің программасы


Студенттердің өз бетімен орындауға арналған тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет44/150
Дата21.05.2020
өлшемі1,13 Mb.
#70441
түріПрограмма
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150
Байланысты:
baibaktina program

Студенттердің өз бетімен орындауға арналған тапсырмалары 
1.  Файл құратын программа жазыңыз, оның компоненттері келесі структурадан 
тұрады: 
  Табель нөмірі 
  ТАӘ 
  Жалақы мөлшері 
Файлға  бес  жұмысшы  туралы  мәлімет  енгізіңіз,  басқа  файлға  ең  жоғары  жалақы 
алатын жұмысшы туралы мәліметті енгізіңіз.    
2.  ZARPL.DAT файлын құратын және экранға шығаратын программа құрыңыз, 
оның компоненттері келесі структурадан тұрады: 
  Табель нөмірі 
  ТАӘ 
  Жалақы мөлшері 
Енгізуден  шығу  –  табель  нөмірі=999.    Жалақысы  45000  теңгеден  асатын 
жұмысшылардың табель нөмірін, ТАӘ және жалақысын экранға шығарыңыз.    
3.  Файл құратын программа жазыңыз, оның компоненттері келесі структурадан 
тұрады: 
  Табель нөмірі 
  аванс 
Енгізуден  шығу  –  табель  нөмірі=999.    Экранға  келесі  құрылымды  ведомость 
шығарыңыз:  
 
Табель  нөмірі 
       аванс 
 
……………………     ……. 
……………………     ……. 
Барлығы:   
4.  Бүтін  сандар  файлын  құрыңыз.  Файлдағы  оң  сандардың  арифметикалық 
ортасын табыңыз. 
5.  Бүтін сандар файлын  құрыңыз. Файлдағы ең кіші  элементтің реттік нөмірін 
табыңыз.  Егер  мұндай  сандар  бірнешеу  болса,  онда  біріншісінің  нөмірін 
табыңыз.   


150 
 
6.  Элементтері  жеке  символдар  болып  келген  файл  құрыңыз.  Алғашқы  екі 
символы  цифр  болып  табыла  ма,  анықтаңыз.  Егер  цифр  болса,  онда  осы 
цифрлардан құралған сан тақ бола ма, анықтаңыз.   
7.  Элементтері  жеке  сөздер  болып  келген  файл  құрыңыз.  Реттік  нөмірі  тақ 
болып келген сөздерден сөйлем құраңыз. 
8.  Элементтері «киллобайт» сөзінің жеке әріптері болып келген файл құрыңыз. 
Қатесі жоқ жаңа файл құрыңыз.   
9.  Текстік файл берілген. 30-дан аса символы бар жолдарды басқа файлға жазу 
керек. 
10. Текстік файл берілген. Барлық тақ нөмірлі жолдарды екінші файлға, ал жұп 
нөмірлі  жолдарды  үшінші  файлға  жазу  керек.  Жолдардың  жалғасу  реті 
сақталады.   
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет