161
Берілген команданы орындау барысында жады мөлшері жетпей қалса, онда
Run\Program Reset (Ctrl-F2) командасының көмегімен өңдеуді тоқтату қажет.
File\Quit командасы Turbo C++ жүйесінен шығып, оны жадыдан өшіріп, басқару
билігін DOS ОЖ-не береді. Егер терезелерде сақталмаған өзгертулер жасалған
болса, оларды сақтау туралы сұранымдар жасалады.
Edit(Alt-E) менюі:
Редактор терезелеріндегі текстке өзгертулер, енгізулер, өшірулер жүргізеді.
Сонымен қатар текстік буфер мазмұнын қарауға да болады. Тексті белгілеу
дегеніміз - оны өзге түске бояу. Ол үшін:
1) Shift пернесін стрелкалармен бірге басу;
2) Ctrl-K B пернелерін қатар басу арқылы белгіленетін текст блогының басын
көрсету, сосын курсорды белгіленетін блок соңына қойып Ctrl-K K басу керек.
3)Жолды белгілеу үшін Ctrl-K L басу қажет.
Фрагмент белгіленген соң ғана Edit менюіндегі командалар қолданылады және
Clipboard буферін пайдаланады.
Restore Line командасы соңғы орындалған команданы кері қайтарады.
Достарыңызбен бөлісу: