а) Шалқасынан, жүрісінен, етпетінен, алшысынан, мұртынан, тізелеп, жанбастап,
бүге түсіп деген үстеулер.
ə) Маң-маң, талтаң-талтаң, бүкең-бүкең, бүрсең-бүрсең, ербең-ербең, қарш-қарш,
пырт-пырт сияқты еліктеуіш сөздер.
Бұл топқа киімшең, көйлекшең, жалаң, бас, жалаң аяқ, қуанышпен сияқты
сөздерден болған пысықтауыштар да жатады.
Негізгі жəне туынды сын есімдер етістікке қатысты болып пысықтауыш
қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы лексикалық мағынасын өзгертіп, үстеуге
айналмайды. Бірақ үстеулер сияқты пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Сапалық сын
есімдер пысықтауыш қызметінде жұмсалу үшін баяндауыш болған етістіктердің дəл
алдында тұруға тиісті. Ондай пысықтауыштардың баяндауыштармен осылай қабыса
байланысып, қатар тұруы- олардың сол қызметте жұмсалуының синтаксистік амалы.
Бірақ кез келген негізгі сын есімдерді етістіктермен қатар қойып пысықтауыш
қызметінде айта беруге болмайды, тек санаулы сын есім сөздер ғана сол қызметте
етістіктермен тіркесе алады. Ол туралы «Сын есім мен етістіктен құралған сөз тіркесі»
дегенді қараңдар.
Олардың лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді,
солармен тіркесе алатын сөздер. Негізгі сын есімдерден гөрі, туындысын есімдер
пысықтауыш болып өте жиі қолданылады. Онда да олардың бəрі емес, үстеумен
шендес сын есімдер.
1. –сыз-сіз жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер пысықтауыш қызметіңде
қимыл процесіне біреудің не бірдеңенің қатысы жоқтығын білдіреді.
2. Зат есімдерге дай-(дей, тай) тей жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер
сапалық пысықтауыш қызметінде теңеу, салыстыру мағынасында жұмсалады. Кейде –
дай|дей… жұрнағы жалғанған сөздерге- ың|| ің қосымшасы арқылыда пысықтауыш
жасалады.
Ша-ше жұрнағы арқылы үстеуге айналғанесіvдертеңеулік сапа мағынасында
пысықтауыш болады: Суда балықша жүзетін бір балықшы шал бар екен.
Сапалық пысықтауыш ретінде жұмсалатын сөздердің енді бірқатары– сан есімдер,
сандық ұғымды білдіретін басқа есімдер. Сан есімдер ол қызметте түбір күйінде, кейде
олардан кейін рет, есе деген көмекші есімдер тіркесіп айтылады. Заттың анық санын
білдірмей, сандық ұғымда айтылатын аз, көп, шамалы, азырақ, көбірек, едəуір, талай,
тегіс, біраз, бірқатар сияқты сөздер де сапалық пысықтауыш қызметінде жиі
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: