тәрбиесінің арнайы әдістері: 1. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. 2.
қолдану әдістері. 2. Көрнекі қолдану әдістері.
әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады.
Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жеңілдету үшін жақындататын
жаттығулар қолданылады. Жақындататын жаттығулардың техникасы
негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл
жаттығулар бір тұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы
керек.
Дене қуатының қасиеттерін дамыту үшін: бірқалыпты орындау,
қайталау, өзгермелі орындау, аралық орындау, шеңберлі орындау әдістері
қолданылады.
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері. Сөз қолдану әдісі. Сөз қолдану
әдісі үш топқа бөлінеді:
1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану
кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.
2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер
жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.
3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін
талдауға, баға беруге арналған. Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер
жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды
қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: көру көнекілігі, есту көрнекілігі,
қимыл көрнекілігі әдістері.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
-
<<Әдістемелік тәсіл>>, <<Әдіс>>, <<әдістеме>> дегеніміз не?
-
Дене тәрбиесінің арнайы және жалпы әдістері.
-
Қатаң шектелген жаттығулар әдістері.
-
Қимыл- әрекетке үйрету әдісі.
-
Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері.
-
Ойын әдісі.
-
Жарыс әдісі.
-
Сөз қолдану әдісі
-
Көрнекілікті қолдану әдістері.
-
<<Жүктеме>>, жүктеменің көлемі, қарқыны.
-
Жатығу орындаған кездердегі тынығу аралықтары, түрлері.
-
Шеңберлі орындау әдісі, оның варианттары.
-
Бірқалыпты және аралықты орындау әдісі.
-
Қайталап және өзгермелі орындау әдістері
Достарыңызбен бөлісу: