Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет8/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

Қателердің жалпы классификациясы 

Аса ірі емес қателерге мыналар жатады:   

1. анықталатын түсініктің негізгі нышандары толық қамтылмағандықтан 

пайда  болған  ой  тұжырымының,  анықтамалардың,  түсініктер,  заңдар 

теориялардың  дәл  болмауы  немесе  осы  нышандардың  1  –  2-н  екінші 

дәрежелі нышанмен айырбастауы;      




 

 



2.  ауызша  жауаптың  ой  елегінен  жеткіліксіз  өткізілген  жоспары 

(логикасының 

бұзылуы, 

жекелеген 

негізгі 

фактілерді 

екінші 

дәрежелілермен ауыстырып алу); 



 

Бағаның  төмендеуіне  ықпал  ететін  қателер  мен  кемшіліктердің 

классификациясы 

Қателер: 

  теорияның  негізгі  түсініктерін,  заңдарын,  ережелерін,  негізгі 

қағидаларын  білмеу,  тақырыптар,  жалпы  қабылданған  фактілер, 

субъектілер,  үрдістер,  оқиғаларды  (құбылыстар,  үдерістерді) 

білмеу;   

  жерлердің,  өңірлердің  атауларын,  терминдерін,  мағыналарын,   

топонимикалық атауларды, тарихи оқиғаларды білмеу;    

  жауабында ең бастысын бөліп айта алмау;   

  білімін  проблемалық  міндеттерді  шешу  және  құбылыстарды 

(оқиғаларды, үрдістерді) түсіндіруде қолдана алмау;    

  тұжырымдау мен жинақтауды жасай алмау;   

  таблицалармен  жұмыс  жасай  алмау,  құрастыра  білмеу, 

графиктер және принципиалды схемаларды құра алмау; 

  түпнұсқалар,  оқулықтар  және  анықтама  материалдарының 

мазмұнын      айтуды,  түсіндіруді,  қолдануды,  талдауды, 

жинақтауды, бағалауды жасай алмауы.   

  Тарихи картамен жұмыс жасай алмауы   

  Қазақстан  тарихы  оқиғаларының  хронологиялық  ретін,  негізгі 

және маңызды күндерді, хронологиясын білмеуі   

  Қазақстан  тарихының  көрнекті  тұлғаларын,  субъектілерін, 

олардың  жетістіктерін,  Қазақстан  тарихындағы  негізгі  еңбектері 

мен рөлін білмеу    

  Себеп-салдарлы байланыстарды таба алмау, негізгі өзгерістерді 

талдай алмау, себептерін түсіндіруді, баға беруді, үрдісті ашуды, 

сипаттама  беруді,  салыстыру,  сипаттау,  дәлелдеуді  жасай 

алмауы   

  Негізгі  оқиғалардың  (құбылыстар,  үдерістердің)  мәнін,  маңызын, 

рөлін, мақсаттарын білмеу   

  Өз пікірін логикалық тұрғыдан жүйелі және түсінікті айта алмау   

  Қазақстан тарихының негізгі тарихи мәселелерін білмеу   

  Қазақстан  аумағындағы  мемлекеттіліктің  тууы,  орнығуы  және 

дамуы туралы білмеу 

  Қазақ  халқының  материалдық  және  рухани  мұрасы  туралы,  оның 

дамуының өзіндік ерекшеліктері туралы білмеу   

  Түсініктің  қате  анықтамасы,  түсініктің  маңызды  сипатын  маңызы 

аз сипатпен алмастыру;   

  Маңызды болып тұрған жағдайда нысанды (құбылысты, үдерісті) 



 

 



сипаттаудағы бірізділіктің бұзылуы;    

  Бір  не  басқа  оқиғаның  (құбылыстың,  үдерістің)  себебін, 

заңдылығын,  салдарын,  тарихи  маңызын,  өту  жағдайын  дұрыс 

ашпау (әңгіме-ойтолғау үстінде);   

  Оқиғаларды  (құбылыстар,  үдерістерді)  немесе  субъектілерді 

(тұлғаларды) салыстыру, оларды маңызды нысандары бойынша 

топтарға классификациялаудағы қателер;   

  Нақты  материалды  білмеу,  айтылған  пайымын,  ой-пікірін 

растайтын дербес мысалдар, дәлелдер келтіре алмау;    

  Сурет,  схема  салу  икемінің  болмауы,  таблицаны  дұрыс 

толтырмауы;      өз  жауабын  схема,  сурет,  таблица, 

иллюстрациялық материал, түпнұсқамен растай алмауы;   

  Картада  және  нобайда  бағдар  ұстай  алмауы,  оқытылған 

нысандарды (табиғи және тарихи) дұрыс көрсетуде қиналуы.   



Кемшіліктер: 

Оқиғаны  (құбылысты,  үдерісті)  суреттеуде  оның  маңызды  емес 

нышандарының басым болуы;    

  суреттер,  схемалар,  таблицалар  орындауда  жұмыс  нәтижесіне 

теріс  ықпал  етпейтін  дәлсіздіктер;  белгілер  және  қолдардың 

болмауы;    

  қате түпкі нәтижеге әкелмейтін, жауап беру кезіндегі бірізділіктің 

жекелеп бұзылуы;   

  нысанды картадан табудағы дәлсіздіктер.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет