тап алған нақтылы міндеттеріне байланысты. Ең алғашқы міндет – күні бү- гінге дейін қазақ тілі бойынша жүргізілген этимологиялық зерттеулер мен этимологиясы айқындалған сөздердің жалпы санын анықтап алу. Осымен бай- ланысты қазақ тілі бойынша күні бүгінге дейін жасалған этимологияларды сын көзбен саралап өту, жарайтындарын қабылдау міндеті туындайды. Келесі міндет – бұл сөздердің этимологиясы қай деңгейде орындалғанын айқындау. Осы мəселеге орай қазақ тіліндегі этимологиялар үш түрлі сипатқа ие деп айтуға болады. Олардың бір тобы – ғылыми теориялық негізде айқындалған этимологиялар. Ғылыми этимологияда оның дəстүрлі принциптері, тілге тəн өзгерістердің ғылыми заңдылықтары түгел сақталып жасалады. Екінші тобы – қызықты этимологиялар. Бұл этимологиялық топта – дəлелдеу тəсілдері мен уəждерін айқындау əдісі өте қызық, алайда ғылымдық негізі шикілеу болады.