Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет104/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

 
 
12.2. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың  
классификациясы 
Өскелең  жастарды  тәрбиелеу  жүйесінде  сабақтан  тыс 
жұмыстардың әртүрлі формаларының маңызы ерекше.     
Физика  пәні  бойынша  орындалатын  сыныптан  тыс  жұмыс-
тардың бәрі екі топқа бөлінеді.  
I.  Физика  оқу  бағдарламасының  ауқымына  кіретін  сынып-
тан  тыс  жұмыстар.  Оған  физика  сабақтарына  қатысты  жүргізі-
летін  қосымша  жұмыстар  жатады:  1)  бағдарламада  көрсетілген 
экскурсияларды өткізу; 2) физикадан нашар үлгіретін оқушылар-
мен  істелетін  жұмыстар  (қосымша  сабақ,  әр  балаға  жеке 
түсіндіру,  емтиханға  немесе  зертханаялық  практикумға  дайын-
дау);  3)физиканы  қызыға  оқитын  жеткіншектермен  қиын  және 
қызықты  есептер  шығару,  физкабинетте  зертханалық  жұмыстар 


 
179 
қою, демонстрациялық эксперимнтті даярлау, қолдан физикалық 
приборлар  мен  көрнекі  модель  –  құралдар  жасау,  олимпиада 
өткізу,  жаңа  приборлармен  танысу;  4)  оқушылардың  үй  тапсыр-
маларын  орындауға  көмектесу  (консультация,  сын  жұмыстарын 
орындауға  жәрдемдесу,  реферат-баяндамалар  жаздырту,  табиғат 
құрбылыстарын  бақылау,  үйде  тәжірибелер  жасау  және  әртүрлі 
өлшеулер жүргізу). 
Мұндай  жұмыстар  физикалық  оқу  материалының  қалыпты 
және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдылары-
ның жүйелі түрде сапалы  қалыптасуына, сынып оқушыларының 
жалпы үлгерімін жақсартуға жәрдемдеседі. 
II.  Физика  оқу  бағдарламасының  шеңберінен  тыс  жата-
тын  жұмыстар.  Олардың  физика  сабақтарына   тікелей  қатысы 
бола  бермейді.  Бұл  оқушылардың  еркі  мен  тілегі  бойынша 
ұйымдастырылуы керек. Мұның жұмысы мынадай жұмыстардың 
түрлерінен  тұрады:  1)  оқушылардың  арнаулы  физикалық  және 
политехникалық  білімдерін  тереңдету;   2)  қолданбалы  физика 
салаларын  (электротехника,  радиотехника,  кинотехника,  дыбыс 
техникасы  т.т.)  оқу;  3)  физика-техникалық  приборларды,  қон-
дырғылардың модельдерін жасау; 4) конструкциялық және өнер-
тапқыштық  жұмыстармен  айналысу.  Бұларды  ұйымдастарудың 
да  формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат 
жаздырту,  физикалық  кеш  өткізу,  тақырыптық  көрмелер 
ұйымдастыру,  қабырға  газеттері  мен  бюллетеньдер  шығару, 
физикадан  конкурстар  және  конференциялар  өткізу,  үйірме 
жұмыстарын жүргізу т.б. 
Оқушылардың  қатысуларымен  сыныптан  тыс  жасалатын 
жұыстар  олардың  жеке,  топ  болып  және  жаппай  бәрі  араласып 
істелетін  жұмыстар  болып  3-ке  бөлінеді.  Олар  мезгіл-мезгіл 
(көрме,  конкурс,  конференция,  физкабинетті  жабдықтау,  рефе-
рат.т.б.) және периодты түрде (үйірме, газет шығау) жүргізіледі.  
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет