Сұлба 2.
Психология
ФОӘ
Физика
Педагогика
Философия, логика,
техникалық ғылымдар
10
1.2 . Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы
Педагогикалық зерттеулердің қажеттілігі бар теориялық
білімдер мен практикалық тәжірибелер арасындағы қарама-
қайшылықтардың туындауынан және оларды жаңа педаго-
гикалық міндеттерді шешуде, жаңа педагогикалық құбылыстарды
зерттеуде қолдануға мүмкін еместігіне орай пайда болады.
Физиканы оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулік қызметке
сонымен қатар педагогикалық психологияның, ақпараттық
құралдардың дамуы да өз үлесін тигізеді.
Педагогикалық зерттеулер, басқа зерттеулер сияқты, белгілі
бір мақсатпен орындалады, оны жүргізу үрдісінде нақты бір
міндеттер шешіліп, басқа бір әдістер қолданылады, немесе
басқаша айтқанда, педагогикалық зерттеулер белгілі бір
әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Әдіснама(Методология гр.methodos-зерттеудің немесе танып
білудің жолы,теория,ілім және logos-сөз, ұғым ) – теориялық және
практикалық іс-әрекетті құрудың және ұйымдастырудың
принциптері мен тәсілдерінің жүйесі; танып білудің ғылыми әдісі
туралы ілім; қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістердің
жиынтығы.
Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылы-
милық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді
(В.В.Краевский, В.С.Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз
арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.
Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны таным-
ның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылы-
мынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық міндетті
атқарады. Бұл жағдайда философиялық деңгей кез-келген
әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады.
Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе
көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық
тұжырымдама болып табылады.
Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез-келген арнайы
ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері,
принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың
әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайлықты көрсететін
педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім
алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралы
11
білім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу
жұмысының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын
бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.
Әдіснаманың технологиялық деңгейі(зерттеу әдіснамасы)
зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғыни кейін
ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды
және оны бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар
жиынтығы.
Белгілі бір зерттеулер жүргізуде танымның жалпы, жалпы-
ғылыми және нақты-ғылыми ұстанымдары мен әдістері қолда-
нылады. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппаратына
келесі категориялар жатады:
- зерттеу тақырыбы;
-
қарама-қайшылықтармен анықталатын зерттеулердің
өзектілігі, мысалы, физикалық білім алдында тұрған қазіргі
заманғы міндеттер мен осы міндеттерді шешуге мүмкіндік
бермей тұрған, қалыптасқан физиканы оқыту практикасы
арасындағы қарама-қайшылықтар;
- көрсетілген қарама-қайшылықтан туындайтын және сұрақ
түрінде тұжырымдалатын зерттеу проблемасы;
- зерттеу кезінде неге жету керектігін көрсететін зерттеу
мақсаты;
Яғни зерттеудің ғылыми нәтижесі.
- зерттеушінің жұмыстанып отырған практикасы немесе
ғылыми білімі, яғни зерттеу барысында не қаралатындығын
көрсететін нысаны( обьектісі);
- зерттеу заты – зерттеліп жатқан объектінің сол бір
аспектісі, сол бір тарабы; бір нысан бірнеше зерттеулердің заты
бола алады; Мысалы зерттеу нысаны физиканы оқыту үрдісіндегі
физикалық эксперименттің маңызы болса, ал зерттеу заты жаңа
білімді оқушыларда қалыптастырудағы физикалық экспери-
менттің маңызы немесе фронтальды зертханалық жұмыстың
білім берудегі маңызды, оқушылардың өз бетімен орындайтын
физикалық тәжірибелер маңызы т.б.
- зерттеу болжамы (гипотезасы) – бұл зерттеу барысында
дәлелденуге тиіс ғылыми алдын-ала жорамал;
- зерттеу міндеттері – зерттеу мақсаты мен болжамы арқылы
анықталады, жалпы мақсатқа қатысты олар дербес тәуелсіз
мақсаттар ретінде түсіндіріледі;
12
- зерттеу әдістері;
- ғылыми жаңалық, зерттеудің теориялық және практикалық
маңыздылығы – зерттеу жүргізген кезде алынған нақты бір
нәтижелер, және олардың педагогикалық теория мен практика
үшін маңызы;
Сонымен ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен
логикасы мынадай кезеңдерден тұрады:
1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның
көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын,
нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және
аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу.
2-кезең. Әдіснаманы таңдау-бастапқа тұжырымдама, трек-
теориялық ережелер.
3-кезең. Зерттеу болжамын құру-теориялық конструкция,
дәлелдерді қажет ететін шындық.
4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті
жүргізу. Мақсаты-бастапқы зерттеудің жай күйін анықтау.
5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және
өткізу.
6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу
нәтижесін безендіру(өңдеу).
7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау.
Зерттеулердің барлық әдіснамалық сипаттамалары өзара
байланысты
және
бірін-бірі
толықтырып
отырады.
Педогогикалық зерттеулер 2 топқа бөлінеді.
1. Теориялық.
2. Эксперементальдық
Теориялық әдістерге: әдебиеттерді талдау, педагогикалық
жағдайларды модельдеу, физикалық білім мен оқыту техно-
логиясының мазмұнын құрастыру, педагогикалық эксперимент
нәтижелерін өңдеу және оларға талдау жасау жатады.
Эксперименттік әдістерге:сауалнама жүргізулер және
сұқпат алулар, оқу процестерін бақылау, тәжірибелі сабақ беру,
тестілеу, сараптамалық бағалау жатады.
Сауалнама жүргізу және сұқпат алу – бұл экспериментке
қатысушылардан жауап алудың екі формасы. Сауалнамаға ашық
және жабық түрдегі сұрақтар енгізіледі. Сұқпат алу кезінде
қойылатын сұрақтар, әдеттегідей, ашық сипатқа ие болады.
Сұрақтардың екі тобын бөліп көрсетуге болады: фактілер жөнінде
13
сұрақтар (мектеп нөмірі, жұмыс өтілі т.б.) және пікірлер, себептер,
іс-әрекеттер жөнінде (мысалы, физика сабағында өзбетімен
жұмыстың қандай формалары ұйымдастырылады т.б.) сұрақтар.
Педагогикалық зерттеулер нәтижиесінде оқыту әдістерінің
қайсысы тиімді екені анықталады.
Тиімділік критерииі болып, оқушының меңгерген білімінің
көлемі, білім жүйесі, біліктілігі, тереңділігі, саналы түрде
меңгеруі жатады.
Педагогикалық зерттеулердің барлық сатыларында теория-
лық және эксперименттік әдістер бірігіп қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |