Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж


Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 
 Мектепте  физиканы  оқытудың  негізгі  мақсаттары 
қандай? 
2. 
 Әртүрлі 
бағдарлы 
оқытатын 
мектептердегі 
физиканы оқытудың ерекшеліктері қандай? 
3. 
 Физиканы оқыту үдерісінде политехникалық білім мен 
кәсіби бағдар берудің әдістерін ашып көрсетіңіз? 
4. 
 Оқушылардың  логикалық  ойлауының  қандай  түрлері 
қалыптастырылады? 
5. 
 Физикалық ойлауды қалай түсінесіз? 
 


 
56 
ІІІ тарау 
МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ МАЗМҰ НЫ МЕН 
Қ Ұ РЫЛЫМЫ 
 
3.1. Мектептің физика курсындағы әлемнің  
физикалық бейнесі 
Қазіргі  уақытта  физикалық  білім  беру  жүйесі  қалыптасқан. 
Физикалық  білім  беру  жүйесінің  нұсқалары  базистік  оқу  жоспа-
рында  көрсетілген,  физикалық  білім  жүйесін  талдай  отырып, 
физика  бойынша  білімдерді  оқушылар  сонау  бастауыш  мектеп-
тен бастап алатынын ескеру қажет. 
Бүгінгі  уақытқа  дейін  физиканың  негізгі  курсы  2  сатыдан 
тұрады: 
1. Пропедевтикалық (7-8 сыныптар) 
2. Жүйелі (9-11 сыныптар) 
Қазіргі  уақытта  физикалық  білім  беру  жүйесі  негізгі  мек-
тептің  7-9  сыныптарындағы  физика  курсында  және  бағдарлық 
мектептің  10-11  сыныптарындағы  физика  курсында  дамуда. 
«Білім беру туралы» Заңға сәйкес, орта білім беру мектептерінің 
жоғары  сыныптары  бағдарлық  сыныптар  болып  табылады. 
Қазіргі кезде ҚР-да екі бағдарлық бағыт жұмыс істейді: Жараты-
лыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық. 
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  мектептерде  оқушылар 
материалды  берілген  стандарттарға  сәйкес  игерулері  керек,  осы 
сыныптарда  физикаға  аптасына  бір  сағат  берілген.  Біршама 
жоғары  деңгейде  физика  материалы  математикалық  бағыттағы 
сыныптарда игеріледі. Бұл деңгей арнайы бағдарламамен беріліп, 
оған  аптасына  үш  сағат  беріледі.  Мектептің  физика  курсының 
мазмұнын  қоршаған  әлем  туралы  білім  беретін  физика 
ғылымының негіздері құрайды. 
Өзіне  физиканың  жалпы  түсініктері  мен  ұстанымдарын, 
жорамалдарын  енгізген  және  оның  дамуының  нақты  кезеңін 
сипаттайтын  табиғаттың  тамаша  моделін  әлемнің  физикалық 
бейнесі деп атайды. Әлемнің физикалық бейнесінде материя мен 
қозғалыс,  кеңістік  пен  уақыт,  өзара  байланыс  пен  өзара 
әрекеттесу туралы философиялық ұғымдар нақтыланады.  


 
57 
Әлемнің  физикалық  бейнесі  әлемнің  жаратылысының  ғылы-
ми  бөлігі  болып  табылады.  ӘФБ  ұғымдық  құрылымының  ма-
ңызды компоненттері ретінде: материя,  кеңістік пен уақыт, өзара 
байланыс  пен  өзара  әрекеттесу  туралы  философиялық  идеялар, 
сонымен  қатар,  физикалық  теориялар  арасындағы  өзара 
байланыстарды  бейнелейтін  іргелі  физикалық  идеялар  мен 
ұстанымдар  болып  табылады.  Әлемнің  физикалық  бейнесінің 
компоненттері: 
1. бастапқы философиялық ұғымдар 
2. физикалық теориялар 
3.  физикалық  теориялар  арасындағы  байланыстарды  сипат-
тайтын ұстанымдар.  
Физика  тарихында  әлемнің  үш  физикалық  бейнесі  болды. 
Бұлар:  механикалық,  электродинамикалық  және  кванттық-өріс-
тік. Олардың әрбіреуі материя, кеңістік пен уақыт, қозғалыс пен 
өзара  әрекеттесу  жөнінде  түсініктерімен  сипатталады.  Олардың 
әрқайсысына  теорилар  мен  заңдардың  белгілі  бір  жүйесі  енеді.  
Әлем бейнесінің ауысуы – осы түсініктердің сапалы әрі түбегейлі 
өзгеруіне алып келеді. 
Әлемнің  физикалық  бейнесінің  құрылымдық  элементтерінің 
бірі  физикалық  теория  болып  табылады.  Кез-келген  білім  өзінің 
табиғаты жағынан жүйелі, яғни белгілі бір элементтерден тұрады, 
білімнің  басқа  да  элементтерімен  байланыста,  дамуға  қабілетті. 
Физикалық  теорияны  ерекшелендірір  тұратын  белгілері  - 
ұғымдар  жүйесінің  тұйықтығы  болып  табылады.  Әрбір  теория 
айрықша  бастапқы  ұғымдарға,  анықтамаларға,  аксиомаларға, 
теорияны  талдаумен  байланысты  математикалық  аппарат  пен 
идеяларға  ие.  Әртүрлі  теориялардың  әртүрлі  топтастырулары 
болады.  Олардың  ішінде  Гейзенбергтің  топтастыруында  төрт 
іргелі теориялар бөлініп көрсетіледі: 
- Ньютон механикасы
- Статистикалық механика; 
- Электродинамика 
(толқындық 
оптика 
мен 
арнайы 
салыстырмалылық теориясы); 
- Кванттық теория. 
Іргелі  теориялардан  басқа  тарихи  аспектіде  солардың  пайда 
болуының  негізі  болып  табылатын  жеке  теориялар  немесе  жеке 
теориялық cұлбалар бар. 
 


 
58 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет