114
Жүйе компанентерінің өздері және олардың құрылымы әртүрлі
авторлармен түрліше анықталынады.
Оқыту үдерісінің компанентері
деп И.Я.Лернер оқу мате-
риалын (оның мазмұнын), мұғалім мен оқушыларды айтады.
М.И.Махмутов оқу үдерісінің құрылымдық компанентеріне
оқу
материалының мазмұнын, оқыту әдісін, іс-әрекеттердің түр-
лерін, оқыту формалары мен құралдарын енгізеді. Г.Д.Кириллова
сабақ копанентеріне
сабақтың мақсатын, оқу материалының
мазмұнын, оқыту әдістері мен тәсілдерін, оқытуды ұйымдас-
тыру формаларын жатқызады.
Сабақ сапалы өтуі үшін әуелі сол сабақтағы мұғалімнің іс-
әрекеттерінің мақсатын анықтау керек-ол неге қол жеткізуі керек,
мақсатқа жетуге не көмектеседі, мақсатқа жету үшін не істеу
керек. Сонымен,
қазіргі заманғы физика сабағы-сабақ жүйесінің
компаненттері(оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері
және оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары) өзара бір-
бірімен тығыз байланыста болып, сабақтың мақсатын
анықтайтын оқу үдерісін ұйымдастырудың формасы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: