Буланбаева П. У. PhD доктор, Полатбек Б. магистрант



Pdf көрінісі
Дата10.06.2020
өлшемі0,7 Mb.
#72863
түріЛекция


 

Сельское  хозяйство/ 5. Растениеводство, селекция и семеноводство 



 

Буланбаева П.У. - PhD доктор, Полатбек Б. - магистрант 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан, 

Қызылорда 

Сырдарияның төменгі ағысында жоңышқаның суару 

тәртібі 

 

Қызылорда облысы суармалы алқабындағы басты бағыттардың бірі жерді 



пайдалануды  жетілдіру  арқылы  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының 

шығымдылығы  мен  мал  өнімділігін  арттыру  болып  табылады.  Ғылыми  – 

зерттеу  мекемелері  жердің  сапалық  дәрежесін  сақтап  қана  қоймай,  оны 

жақсартуға  да  болатындығын  дәлелдеп  отыр.  Бірақ  уақыт  өткен  сайын 

инженерлік  жүйеге  келтірілген  күріш  ауыспалы  егістігінің  сапасы  төмендеп, 

құнарсызданып,  экологиялық  апат  қаупін  төндіруде.  Сонымен  қатар  егістікке 

берілетін  суды  тиімді  пайдалану  өзекті  мәселелердің  біріне  айналып  бара 

жатыр [1]. Егістік жерді суаруды қамтамасыз ететін жалғыз су көзі - Сырдария 

өзені.  Арал  теңізінің  тартылуына  байланысты  Сырдария  өзені  суын  үнемдеп 

пайдалану  жолдары  қарастырылуда.  Ол  үшін  негізгі  дақыл  күріш  егістігін 

азайтып, суды аз қажет ететін жоңышқа дақылын көбейту керектігі айтылуда. 

Қызылорда облысы суармалы алқабында өсірілетін көп жылдық шөптерді 

(жоңышқа)  егу  агротехникасының  басқаларға  қарағанда  мүлде  өзгеше  екенін 

озат  шаруашылықтардың  тәжірибелері  айқын  көрсетуде.  Бірақ  көптеген 

шаруашылықтарда  өнім  төмен.  Дәлірек  айтқанда,  мамандандырылған 

шаруашылықтар  шөп  тұқымын  өндіру  жөніндегі  жоспарлы  тапсырмаларын 

орындай  алмай  отыр.  Күріш  ауыспалы  егістігінде  дақылдың  өсу-өндіру 

технологиясы,  оның  суару  режимі  дақылдың  өзіне  қажетті  жағдайда  дұрыс 

сақталмаған [2]. Осы тұрғыдан қарағанда, жоңышқаның суару режимін ғылыми 

тұрғыдан  жан-жақты  зерттеу  кезек  күттірмейтін  міндеттерінің  бірі  болып 

табылады.  



 

Ғылыми-зерттеуге  Түгіскен  суармалы  алқабынан  «Аққорған»  ауылдық-



округінен «Мерей-К» шаруа қожалығында екі жылдық жоңышқа өскен 3 атыз 

алынды.  Зерттеу  жүргізуде  шаруашылықтарға  жоңышқаның  Семиреченская 

местная сорты егілді. Атыздар көлемі 1,8-2,2 га. Осы 3 атыздағы жоңышқаның 

суару  тәртібі  үш  бөлек  болды.  Жаз  бойы  бірінші  атызға  суару  3  мәрте 

жүргізілді,  екінші  атызда  4  суарым  берілді,  3  атыздағы  жоңышқа  5  мәрте 

ылғалдандырды.  Солай  болғанда  бірінші  атыздағы  жоңышқа  дақылына 

топырақ  ылғалдылығы  оның  жоғары  мөлшерінен  60  %-дан  төмен  түсірілмеді, 

екінші  атызда  бұл  көрсеткіш  70  %-дан,  үшінші  атызда  осы  көрсеткіш  80% 

болды.  

Төмендегі  суреттерде  көріп  отырғанымыздай  Аққорғанда  жоңышқаның 

өнімділігі 4 рет суарғанда 62,3 ц/га болды және 5 рет суарғанда 68,5 ц/га болды. 

Демек жоңышқа дақылын да 4 рет суару жеткілікті. Осы көрсеткіш жоңышқаны 

4 суарғанда 64 м

3

/ц. Өзге нұсқаларда 69-78 м



3

/ц болып отыр (1, 2-суреттер).  

 

1-сурет. 1 ц өнім өндіру үшін жұмсалған ылғал мөлшері («Мерей-К» ШҚ) 



 

 

2-сурет. Мерей-К шаруақожалығындағы жоңышқаның өнімділігінің суарымдар 



санымен байланысы 


 

Ал екінші зерттеу нысанымыз Қарауылтөбе тәжірибе алаңында жүргізілді. 



Онда  екі  жылдық  жоңышқа  өскен  3  атыз  алынды.  Атыздар  көлемі  1,6-2,1  га. 

Осы  3  атыздағы  жоңышқаның  суару  тәртібі  үш  бөлек  болды.  Зерттеу 

барысында  бірінші атызға суару  3  мәрте,  екінші  атызда  4  суарым,  3  атыздағы 

жоңышқа 5 мәрте ылғалдандырды. Солай болғанда бірінші атыздағы жоңышқа 

дақылына  топырақ  ылғалдылығы  оның  жоғары  мөлшерінен  65%-дан  төмен 

түсірілмеді,  екінші  атызда  бұл  көрсеткіш  75  %-дан,  үшінші  атызда  осы 

көрсеткіш 85% болды. 

Қарауылтөбе  шаруашылығында  жоңышқаның  өнімділігі  4  рет  суарғанда 

55,2 ц/га болды және 5 рет суарғанда 62,5 ц/га болды. Демек жоңышқа дақылын 

да  4  рет  суару  жеткілікті.  Жоңышқаны  4  суарғанда1  ц  өнім  өндіру  үшін 

жұмсалған  ылғал  мөлшері  82  м

3

/ц.  Өзге  нұсқаларда  89-94  м



3

/ц  болып  отыр           

(3, 4-суреттер). 

 

 



3-сурет. 1 ц өнім өндіру үшін жұмсалған ылғал мөлшері (Қарауылтөбе) 

 

 



4-сурет. Қарауылтөбе шаруашылығындағы жоңышқаның өнімділігінің 

суарымдар санымен байланысы 




 

 



Зерттеулерімізде  байқап  отырғанымыздай  қазіргі  кезде  шаруашылықта 

жоңышқаны  2–3  рет  суару  қанағаттанарлықсыз  дәрежеде  болатындығы 

анықталған,  өйткені  бұл  жағдайда  жоңышқаның  өнімділігі  төмен  және  су 

шығыны  көп  болған.Осыған  байланысты  біздің  есептеуіміз  бойыншаорта 

жылдық  жағдайда  жоңышқадан  тиімді    өнімін  алу  үшін  жылына  егісті  4  рет 

суару  жеткілікті  дәрежеде  екендігікөрсетілді.  Өйткені  соңғы  кезде 

мелиорацияның мақсаты ең жоғары өнім алу емес, тиімді мөлшерде өнім алу. 

 

Жоңышқа  Қызылорда  облысында  күріштен  кейінгі  негізгі  екінші  дақыл 



болып  есептеледі.  Жоңышқаның  агромелиоративтік  маңызы  жоғары. 

Атқарылған  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  бұл  дақылдың  4  рет 

суару жеткілікті болатыны мәлім болды.  

 

Әдебиеттер 



1.  Кошкаров  С.И.,  Буланбаева  П.У.  Влияние  орошения  на  мелиоративное 

состояние  ландшафта  //  Наука  в  современном  мире:  теория  и  парктика: 

материалы Н34: Международной научно-практической конференции. 29-30 

сентября 2013г. – Уфа: РИЦ БашГУ, 2013. – С. 62-66. 

2.  Қошқаров  С.И.,  Әлімбаев  Е.Н.,  Абуов  Ж.М.  Қызылорда  облысында 

Сырдария  өзенінің  суын  егіске  пайдалану  мәселелері.  Ғ  96.  Ғылым,  білім 

және  иновация:  жастардың  ғылыми  шығармашылығы  //  Жас  ғалымдар 

еңбектерінің жинағы. - Қызылорда; Тұмар, 2010. – Б. 17-19.



 

3.  Отчет  по  водопользованию  Кызылординского  областного  комитета  по 



водным ресурсам. – Кызылорда, 2012. – Б. 17-19. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет