Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет31/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

Дақылдық қасиеттері 

Тырысқақ  вибрионы  факультативтік  анаэроб,  анаэробты  жағдайда  жылдам  өледі. 

Спорасы  жоқ,  қоректік  ортаға  талғампаз  емес;  оптималді  өсу  температурасы  -  37

0

С;  рН 


7.6-8.0. Сілтіні жақсы көреді. Клетканың бөлінуі өте жылдам өтеді, сілтілі пептонды суда 

қоздырғыштың  өсуі  6  сағаттан  соң  жай  көзге  көрінеді.  Тұрып  қалған  дақылда,  крахмал 

немесе  иммунды  сары  су  қосылған  ортада  өскен  колониялардан  жасаған  мазокта 

вибрионның  пішіні  жіпше,  S-тәуелді  имектелген,  кокка  тәрізді  немесе  түйреуіш  секілді. 

Пенициллин әсерінен L-формаға ауысуы мүмкін.  

Тығыз қоректі ортада вибрион домалақ түссіз, шеттері бір келкі  S-колониялар түзеді. 

Колониялар  майлы,  ортадан  тез  алынады.  Тұрып  қалған  дақылда  колониялар  үлкейеді, 

түсі  қоңыр  сарыға  ауысады.  Шабылған  қоректік  ортада  (бір  колониялардың  өсіндісін 

алуға арналған) вибрион жылтыр сарғыш түсте. Тиосульфат цитрат, өт қышқылдары және 

сахароза  қосылған  ортада  (ТСВS-агар)  Vіbrіo  cholerae  сахарозаны  ыдыратады  және 

сарғыш колониялар түзеді. 

Желатин  пластиналарында  48  сағат  инкубацияда  ақшыл  дәнді  колониялар  айналасы 

сұйытылған.  Желатинге  уколмен  еккен  кезде  48-72  сағ.  Воронка  секілді  сұйылтатады, 

воронканың үсті вибрион массасы толы орналасады. Тығыз қоректі ортада вибрионның R-

колонияларыда  пайда  болады  -  пішіні  әр  түрлі,  бұлыңғыр.  Осы  бактериялар 

бактериофагқа,  антибиотиктерге  сезімталдығын  жоғалтады,  О-антисары  сумен 

агглютинациясы болмайды. 

Сүйық қоректі ортаны лайландырады, бетінде нәзік аспан көк қабықша пайда болады. 

Пробирканы  шайқағанда  қабықша  тез  бұзылып,  түбіне  түседі.  1%  пептонды  суда  өте 

жылдам өседі, нәзік көгілдір қабықша пайда болады, су лайланады.  

 

Ферментативтік қасиеттері 



Тырысқақ  вибрионның  биохимиялық  активтілігі  басым.  Тырысқақ  вибрионы 

қышқылға дейін көмірсуларды ыдыратады: глюкоза, сахароза, мальтоза, манноза, маннит, 

лактоза  (жай  ыдыратады),  левулеза,  гликоген,  крахмал.  Манноза,  сахароза,  арабиноза 

ферментациясы  (Хейберг  триадасы)  диагностикалық  манызы  бар.  Тырысқақ  вибрионы 

манноза мен сахарозаны ыдыратқандықтан Хейберг бойынша 1-ші топқа жатады (осы үш 

көмірсулар қалай ыдыратуы бойынша 6 тобы анықталған).  

Протеолиттік  қасиеттері  бар  -  желатинді  сүйылтады  және  казеинді  гидролиздейді. 

Плазмокоагулазды (көжектің плазмасын ірітеді) және фибринолиттік (Леффлер бойынша 

үйытылған  сары  суды  сұйылтады)  әсері  бар.  Сүтті  ірітеді  және  басқа  белоктарды  да 

аммиак пен индолға ыдыратады. Н

2

S түзбейді. Нитратты ауыстырады, индол түзеді - бұны 



нитрозиондолды реакцияда байқайды (холера-рот-реакция).  

Биохимиялық және биологиялық қасиеттері бойынша тырысқақ вибрионы 2 биоварға 

бөлінеді  (биотип):  классикалық  (V.cholerae  asіatіcae)  және  Эль-Тор  (V.cholerae  eltor). 

Соңғы уақытта Эль-Тор вибрионы гемолитикалық қасиеттерін жойған, сондықтан негізгі 

дифференциациясы  эритроциттерді  агглютинациялау  қабілеті,  полимиксинге  және  1V 

фагке төзімділігін анықтау бойынша жүргізіледі. 0139 топтағы вибриондар полимиксинге 

төзімді және гемолитикалық қасиеттерін жойған.  

 

Антигендік құрылысы. 



Тырысқақ вибрионында термотұрақты О-АГ және термолабильді Н-АГ анықталған.  

Н-АГ  -  А  және  В  топқа  бөлінген  бактерияларға  жалпы  антиген:  А  тобына  тырысқақ 

вибрионы  кіреді;  В  тобына  -  тырысқақ  вибрионынан  биохимиялық  қасиеттері  бойынша 

ажыратылатын басқа вибриондар.  

О-АГ  құрылысы  бойынша  139  серотоптар  анықталған.  Классикалық  тырысқақ  пен 

Эль-Тор тырысқағы қоздырғыштары О1 серотопқа кіреді. Кабешима және Такано (1913) 

О1  топтағы  тырысқақ  вибриондардың  О-АГ  біркелкі  емес,  А,  В,  С  компоненттері 

ажыратылған.  Осы  компоненттер  қалай  бір-бірімен  байланысады,  солай  сероварлары 




24 

 

анықталған - Огава (АВ), Инаба (АС), Хикоджима (АВС). Осындай қасиеттерін ажырату 



бойынша  эпидемиологиялық  ошақтарда  қоздырғыштың  дифференциясын  жүргізуге 

қажет.  Бұлынғыр  R-колонияларда  О-АГ  жойылған,  сондықтан  олар  О-антисары  сумен 

агглютинация  байқалмайды.  О139  сероварға  кіретін  бактериялар  түрге  спецификалы  О1 

және  типке  спицификалы  Огава,  Инаба  және  RO-сары  суларымен  агглютинация 

жүрмейді. Сонымен қатар, тырысқаққа ұқсас вибриондар О1-сары суымен агглютинация 

болмағандықтан,  оларды  агглютинацияланбайтын  вибриондар  немесе  АГБ  вибриондар 

деп атайды.  

Бактериофагтар. Тырысқақ бактериофагтарын алғаш рет Д”Эрель 1920ж. ашты. Vіbrіo 

cholerae  1V  топтағы  бактериофагтармен,  ал  Эль-Тор  биовары  -  V  топтағы  фагтармен 

жойылады.  Көптеген  зерттеулер  мәліметтері  бойынша,  тырысқақ  бактериофагтардың 

емдік қасиеттері жоқ.  

 

Эпидемиологиясы. 



Тырысқақ  -  типті  ішектік  инфекция,  эпидемиологиясы  басқа  энтеропатогенді 

бактериялар  тудыратын  өзгерістерге  ұқсас.  Тырысқақ  эпидемиясы  2  типте  өтеді  - 

эпидемия көтерілісі, жұқтыру көзі мен жолдары бір, бір мезгілде көп адам науқастанады 

және  әлсіз  өтетін  эпидемия  -  қоздырғыштың  таралу  жолдарын  табу  қиын  және  аз  адам 

науқастанады.  

Табиғи  резервуары  -  науқас  адам  және  бактерия  тасымалдаушы;  негізгі  жұқтыру 

механизмі - фекальді-оральді, сирек - тұрмыстық қатынаста. қоздырғышты тарататындар - 

тағамдар, су, сыртқы қоршаған орта. Шыбындардың инфекцияны таратуда манызды роль 

атқарады.  Сонымен  қатар,  аурудың  жасырын  түрі  қоздырғыштың  циркуляциясын  ұстап 

түрады.  

Тырысқаққа  әр  адамның  сезімталдығы  өте  құбылмалы.  Бұл  жерде  айта  кету  керек, 

И.И.Мечников,  Ермольева  З.В.,  Петтен-кофер  ғалымдардың  өздеріне  жұқтырғаны 

айтарлықтай жауап бермеді. Әлеуеметтік жағдайы нашар және өзіндік гигиена ережелерін 

сақтамайтындар  тырысқаққа  сезімтал  келеді.  Эпидемиялық  көтерілісте  ең  алдымен 

ауыратындар - ер ересектер; эндемиялық региондарда әлсіз өтетін тырысқақ жиі балалар 

арасында кездеседі.  

Тырысқақ жылы мезгілде көтеріледі. Даккада (Бангладеш) тырысқақ муссонды жауын 

жауған соң көтеріледі, ал ауа райы құрғағанда бәсендейді. Ал Калькуттада (Индия), Ганг 

пен  Брамапутра  дельтасының  қарсы  жағасы,  ауру  құрғақ  мезгілде  көтеріледі,  ал  жауын 

жауғанда тоқтайды.  

Тырысқақ вибрионы сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз факторларына сезімтал - күн 

сәулесі, құрғауды, басқа микрофлорамен конкуренцияны. Суда қоздырғыштың айналымы 

науқас  адам  мен  бактерия  тасымалдаушылардың  болуымен  байланысты.  Егер  оларды 

изоляцияласа, қоздырғыш өздігімен жойылып кетеді (тұрып қалған суда 2-3 апта сақталуы 

мүмкін).  Күл-қоқыста  3-4  айға  дейін  тіршілік  етеді,  рН  сілтілі  және  ылғалдығы  жоғары 

тағамдарда  ұзақ  сақталады,  науқас  адам  ластаған  киімде  және  төсекте  де  ұзақ  тіршілік 

етеді.  Эль-Тор  биотипті  вибриондар  сыртқы  ортада  тұрақты,  сондықтан  судан  және 

нәжістен тез бөлінеді. Барлық вибриондар рН қышқыл дезинфектанттарға өте сезімтал.  

Патогенезі.  Адам  организміне  түскен  вибриондар  асқазанның  қышқыл  орта  әсерінен 

өледі,  тірі  қалғандары  ашы  ішекке  жетеді.  Патогенді  колонизация  факторын  талшықтар 

атқарады (жылжып қозғалу қызметі), муциназа (шырышты қабықтың кілегейін ыдыратып 

қоздырғышқа 

эпителийге 

жетуін 


қадағалайды), 

нейраминидаза 

(ішектегі 

микроқылшықтармен  байланыстырады).  Бактериялардың  енуіне  қарсы  эпителиалық 

клеткалар өтпен өнделген сілтілі сүйықтық бөледі - қоздырғыштың өсуі мен көбеюіне өте 

қолайлы  жағдай  жасайды.  Келесі  патогенді  факторы  -  эндо-  және  экзотоксин  бөлінуі. 

Эндотоксин  -  термотұрақты  ЛПС,  басқа  энтеробактериялардың  эндотоксиніне  ұқсас 

келеді. Иммуногенді қасиеттері жоғары болғандықтан, вибриоцидті антиденелер түзіледі. 

Басқа әсері әлсіз. 



25 

 

Экзотоксин  (холероген)  -  термолабильді  белок;  фенол  мен  формалинге  сезімтал, 



протеолитті ферменттер әсеріне тұрақты. Холероген 2 компоненттен түрады: компонент В 

-  пентамер,  моносиалды  ганглиозидті  рецепторлармен  байланысады,  нәтижесінде  А 

компоненттің  ішке  енуіне  көмектеседі.  А  компоненттің  2  суббірлігі  бар  -  А

1

  суббірлігі 



(активті  орталығы)  және  А

2

  суббірлігі  екі  компонентті  байланыстырады.  А



1

  суббірлігі 

аденилатциклаза компоненттерін күшейтеді, клетка ішінде цАМФ деңгейін жоғарлатады, 

нәтижесінде  клетка  ішіндегі  сұйықтықтар  мен  электролиттер  ішекке  шығады. 

Бактерияның 0139 серовары экзотоксин түзеді, әсері әлсіздеу; токсин түзуін хромосомды 

және  плазмидті  гендер  бақылайды.  Эль-Тор  биотипінің  патогенді  факторы  болып 

гемолизиндер саналады.  

 

Клиникалық көріністері. 



Көптеген жұқтырған адамдарда ауру симптомсыз немесе женіл  диарея түрінде өтеді. 

Анықталған  мәліметтер  бойынша,  тырысқақтың  ауыр  түрі  мен  симптомсыз  түрі 

классикалық формада 1:5-10, ал Эль-Тор тырысқағында - 1:25-100. 

А) Клиникасы айқын тырысқақтың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5 тәулікке 

дейін (орташа 2-3 тәулік); аурудың көріністері - жалпы әлсіздік, іш ауруы, құсу, қарқынды 

диарея синдромы. 1ш өтуі тәулігіне 10литрге дейін барады, нәжіс сулы, түссіз (“күрішті 

қайнатқан  судың”  түсіне  ұқсас  келеді).  Келесі  ерекшелігі  -  нәжістің  иісі  -  тәтті  секілді 

“балықтың”  (нәжістің  емес)  иісі.  Интоксикация  дәрежесі  бойынша  аурудың 

симптоматикасы гастроэнтерит немесе энтерит ретінде өтеді.  

Б)  Ауыр  жағдайда  науқас  адамда  несептің  деңгейі  төмендейді,  бүйректің 

жетіспеушілігі  дамиды.  Науқастың  дауысы  қарлығады  немесе  афония  дамиды.  Негізгі 

патогендік факторлар - гиповолемия және электролиттік баланстың қаумақты бұзылысы, 

нәтижесінде  артериалді  гипотензия,  жүректің  жетіспеушілігі,  естің  бұзылысы  және 

гипотермия. Осындай жағдайды тырысқақтық алгид деп атайды. Сонымен қатар, ерекше 

көрінісі  -  facіes  hіpocratіca  (көзі  шүнкірген,  бет  әлпеті  үшкірленген,  жақтар  сүйектері 

қатты  шығып  түр).  Клиникалық  көріністердің  сақталу  ұзақтылығы  уақытылы  ем 

қолданумен байланысты, бірнеше сағаттан - бірнеше тәулікке созылады. Ем қолданбаған 

жағдайда науқас алгидті кезеңде қайтыс болуы 60% құрайды.  

В)  Сауығу  кезеңі  уақытша  төзімділік  қалыптасуымен  байланысты,  сондықтан  адам 

қайтадан жұқтыруы мүмкін. 

Емдеу  принциптері  -  организмнің  сүйықтықтары  мен  электролиттерді  толтыру, 

антибактериалді терапияны - тетрациклин қатарына жататын препараттармен жүргізіледі. 

Альтернативті 

антибактериалді 

препараттар 

левомицетин, 



триметоприм-

сульфаметоксазол, фуразолидон. 

Сақтандыру шаралары - сырттан ауруды кіргізбеу үшін тазалық-гигиеналық шекаралы 

шараларды  ұйымдастыру;  тұрғындар  арасында  санитарлы-ағарту  жұмыстарын  жүргізу; 

ерте  науқас  адамдарды  және  вибрион  тасымалдаушыларды  анықтау;  эпидемиялық 

қауіптілігі  жоғары  аудандарда  аурудың  алдын  алу  үшін  тұрғындарға  жалпылама 

тетрациклин таратып ішкізуін ұйымдастыру. Арнайы сақтандыру үшін эпидемиялогиялық 

көрсеткіштері  бойынша  вакцина  енгізіледі.  Айта  кету  керек,  вакцинаның  эффективтілігі 

60-70% жоғары емес және одан кейін қалыптасқан иммунитет 3-6 айға ғана қалыптасады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет