Емдеу. Консервативті емдеу тәсілдерінде антибиотиктер мен химиялық
препараттарды қолданады. І-ретті препараттарға (ерте сатыда) парааминосалицил қышқыл
туындыларын (ПАСК), гидразида изоникотин қышқылы (ГИНК) – изотиазид (тубазид),
фтивазид және стрептомицин тобының препараттарын қолданады. ІІ-ретті препараттарға
– циклосерин, канамицин, флоримицин, рифампицин және т.б.
Профилактика. Кеңінен әлеуметтік-түрмыстық жағдайды жақсарту және
туберкулезбен ауырған адамдарға көмек берумен қатар жалпы халыққа туберкулезге
қарсы вакцинация салғанның маңызы зор. Ол вакцина БЦЖ-мен атқарылады. Оны А.
Кальмет пен Ш. Герен ашқан. Оны бала дүниеге келгеннен кейін 5-7 күннен кейін салады.
Лепра (гректен lepra – алапес) – созылмалы генерализденген инфекциялық ауру. Ол
спецификалық түрде теріні, шырышты қабаттарды,перифериялық жүйкені және әртүрлі
ішкі мүшелерді зақымдайды. Қоздырушысы – Mycobacterium lepraе -1874 жылы
А.Хансенмен ашылған. Содан бері әлі ешкім оның жасанды қоректік ортадағы жалпы
пішінін ала алмаған. Лепра таяқшасы қатаң түрде тіндік макрофактардың,
мононуклеарлық фагоциттердің және басқа да жасушалардың ішкі паразиттері болып
табылады. Оны тек тышқандар мен егеуқұйрықтардың организміне және үлкен дозада
броненосецтерге
(армадилл)
өсіруге
болады.
Оларда
ол
спецификалық
генерализацияланған процесс тудырып, көптеген зақымдалған тіндерді жинайды
(лимфалық түйіндер, бауыр, көкбауыр).
Mycobacterium lepraе – тік аздап иректелген таяқша аяққы бөлімдері дөңгелектелген,
диаметрі 0,3-0,5мкм және ұзындығы 1,0-8,0мкм. Спора, капсула түзбейді, қылшықтары
жоқ, грам оң. Химиялық құрамы жағынан Mycobacterium tuberculosis-ке ұқсас, спиртке
және қышқылға төзімді, сол себепті Циль – Нильсен әдісімен бояйды. Mycobacterium lepra
тобындағы бактериялар полиморфты келеді, оларда түйіршікті, кокк, жіп, бұтақтанған
түрлері кездеседі. Зақымданған жасушаларда олар шар тәрізді тығыз ұйынды құрап, бір-
біріне параллель орналасады, яғни темекі қорабы тәрізді.
Қоздырушының келесі қасиеттері оның тудырған ауруын ерекшелейді:
1.
Оның организмде көбеюі өте баяу, сол себепті инкубациялық кезеңі
ұзақ (орташа 3-7 жыл, кейде 15-20жыл)
2.
Mycobacterium lepra көп жағдайда орталық жүйке жүйесінің
жұмысын бұзады, адам мүгедек болып қалады.
3.
Көбею температурасы 37
0
С. Адам организмінің температурасы
көбеюге өте қолайлы.
4.
Mycobacterium lepraе лепромотоздық формадағы ауруы бар науқаста
иммуналогиялық толеранттылық туғызады.
Патогенді факторлары: M. lepraе экзотоксиндік қасиеттері анықталмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |