53
Антиген құрамы: Y.pestis, Y.pseudotuberculosis және Y.enterocolitica түрлерінде 18-ге
дейін ұқсас соматикалық антигендер табылды.Y.pestis-ке капсулалық антиген, T, V-W
антигендері, плазмокоагулаза ақуыздары, фибринолизин, сыртқы мембрана ақуыздары
мен pH 6 антигені болуы тән. Y.pseudotuberculosis пен Y.enterocolitica-ға қарағанда
Y.pestis антигенді құрамы бойынша біртекті; бұл түрдің серологиялық жіктелуі жоқ.
Патогенділік факторлары. Бактериялар ішінде Y. Pestis патогенді және агрессивті
болып табылады, сондыққан да қауіпті және қауіпті ауруларды туғызады. Оған сезімтал
барлық жануарлар мен адам ағзаларында фагоцитарлы жүйесінің қорғаныс қызметін оба
қоздырғышы төмендетеді. Ол фагоциттерге еніп, «тотығу жарылысын» басып, ешбір
бөгетсіз көбейеді. Фагоциттер Y.pestis-ке қатысты өзінің киллерлі қызметін атқара
алмағандығы - обаға сезімталдығының негізгі себебі болып табылады. Жоғары
инвазивтілік, агрессивтілік, токсинділік, токсикалылық, аллергенділік және фагоциттердің
қызметін төмендету қабілеті Y.pestisтегі көптеген патогендік факторларына байланысты
болып келеді.Олар:
1. Жасушалардың бояулар мен геминді сорбирлеуге қабілеттілігі.Ол темір тасымалдау
жүйесімен байланысты және Y.pestis-тіѕ ағза жасушаларында көбеюге мүмкіндік береді.
2. Орталық 37
0
С және Са
2+
иондарының болуына өсудің тәуелділігі.
3. V-W антигендерінің синтезі W антигені сыртқы мембранада, ал V-цитоплазмада
орналасқан. Бұл антигендер Y.pestis-тің макрофагтар ішінде көбеюін қамтамасыз етеді.
4. ''Тышқан'' токсинінің синтезі. Сезімтал жануарлардың бүйрек пен бауыр
митохондрияларында тромбоциттер мен тамырларды зақымдайды.
5. Капсула синтезі. Капсула макрофагтардың активтілігін тежейді.
6. Пестицин синтезі. Y.pestis-ң түрлік белгісі.
7. Фибринолизин синтезі
8. Плазмокоагулаза синтезі. Осы екі белок сыртқы мембранада орналасқан және
Y.pestis-ң жоғары инвазивтілігін қамтамасыз етеді.
9. Эндогенді пуриндердің синтезі.
10. Сыртқы мембрананың термоиндуцибелді ақуыздарының синтезі-Yop-ақуыздары.
Yop A, Yop D, Yop E, Yop H, Yop K, Yop
M, Yop N-фагоциттердің активтілігін төмендетеді.
11. Нейраминидаза синтезі. Адгезияға қатысады.
12. Аденилатциклаза синтезі. Макрофагтардың киллерлі әсерін тежейді.
13. Адгезия пилшілерінің синтезі.Фагоцитозды тежеп, Y.pestis-тіѕ жасушаішілік
паразит сияқты макрофагқа енуін қамтамасыз етеді.
14. Кең әсер ететін аминопептидазалар синтезі.
15. Эндотоксин және жасуша қабырғасының басқа компоненттері токсигенді және
аллергенді әсерлерге ие болуы.
16. рH6 антигені 37
0
С және төмен pH-та синтезделінеді, фагоцитозды тежейді және
макрофагтарға цитотоксикалық әсер көрсетеді.
Y.pestis-ѕ патогенді факторларының көп бөлігі гендермен реттеледі,олардың
тасымалдаушылары болып плазмидалардың
3 класы болып табылады:
1. pУР (9,5 т.п.н) - патогенділік плазмидасы 3 гені бар.
pst – пестицин синтезін кодтайды.
pim – пестицинге иммунитетін анықтайды.
pla – фибринолитикалық және плазмокоагулазды активтілігін анықтайды.
2. pYT (65 МД) – токсигенділік плазмидасы. «Тышқан» токсині синтезінің генін
тасымалдайды және капсуланың ауызды және липопротеинді компоненттерін
бақылайтын гендерін тасымалдайды.Оның 3-компонентін хромосома гені бақылайды.
3. pYV (110 бютюр) – вируленттілік плазмидасы.Y.pestis-ѕ 37
0
С өсуін және ортада Ca
иондарының болуына қажеттілігін бақылайды. Сонымен қоса V және W антигендерінің
және термоиндуцирлеуші ақуыздардың синтезі гендерін кодтайды. Yop ақуыздары
54
Y.pestis-ѕ вируленттілігін анықтайды. Yop E-ақуызы антифагоцитарлы және
цитотоксикалық әсерге ие. Yop D, Yop E-ң нысана жасушаға енуін қамтамасыз етеді; Yop
H антифигоцитарлы және протеин-тирозин-фосфотазды активтілікке ие; Yop N белогы
кальций сенсорлы қасиетіне ие; Yop M – адам қанының альфа-тромбинімен қосылады.
Эпидемиология. Оба қоздырушының тасымалдаушылары жер шарында кең таралған,
оларға сүтқоректілердің 200-ден астам түрі мен 8 отряды кіреді. Обаның негізгі шығу көзі
кемірушілер мен қоян тәрізділер болып табылады.
Оба микробы бүргенің ас қорыту түтігінде көбейеді. Оның алдыңғы бөлігінде «Оба
блогы» деп аталатын, микробтардың көп мөлшері шоғырланған тығын түзіледі.
Сүтқоректілердің қанымен қоректен кезде қанның қайта ағынымен микробтардың біраз
мөлшері тістелген жерге еніп, ағзаны зақымдайды.
Y.pestis-ѕ әр түрлі классификациялары белгілі ерекшеліктерімен байланысты –
биохимиялық ерекшеліктері (глицерин – позитифті және глицерин негативті нұсқалары),
негізгі
тасымалдаушыларына
байланысты
(егеуқұйрықты
және
суырмен
тасымалдайтындары). 1951 жылы француз ғалымы Р.Девиньемен ұсынылған ең көп
таралған классификациясы бойынша Y.pestis-ті географиялық таралуына және
биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты түрішілік үш формаға (биоварға) бөлінеді.
Кеңес ғалымдарының классификациясы бойынша (Cаратов,1985) Y.pestis 5 түрастыға
бөлінеді: Y.pestis subsp.pestis(негізгі түрасты; Р.Девиньенің 3 биовары кіреді), Y.pestis
supsp.altaica(Алтайлық түрасты), Y.pestis supsp.hissarica (гиссарлы түрасты), Y.pestis
ulegeica және Y.pestis caucasica (кавказды түрасты).
Адамның зақымдалуы бүрге тістеуі арқылы, зақымдалған материалымен тікелей
контакты кезінде, ауа-тамшылы және сирек алиментарлы жолдармен жүреді. 1998-99 жж
әлемде обамен 30534 адам ауырып, 2234 адам қайтыс болған.
Достарыңызбен бөлісу: