65. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жəне оның ұлттық сананы қалыптастырудағы
маңызы.
«Мəдени мұра
» мемлекеттік бағдарламасы – мəдени, экономикалық жəне əлеуметтік капитал, жалпы
адамзаттық мəдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы,
тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау жəне қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі
күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті
көп қырлы қоғамның тарихи тəжірибесін зерттейді.Тарихи-мəдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес,
сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын,
яғни
2003
жылы сəуірде
Қазақстан
халқына жолдауында арнайы «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мəдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы қазіргі Қазақстанның əлемдік өркендеуінің дəлелі.Сонымен бірге, əлемге ұлттық рухани
ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін
2004
жылы 51 тарихи жəне мəдени
ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер
жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мəдени жəне тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
дайындалды. Ұлттық мəдениет үшін аса маңызды 30 сəулеттік жəне археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер
жүргізілді.Ұлттық мəдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ.
Республика тəуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде
алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей жəне Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар жəне
Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша
ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сəулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың
жазба жəне баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша
сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.Бағдарламаның жүзеге асуын мəдениет, əдебиет,
философия, тарих, этнография, жəне тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан,
бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының
бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мəдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мəдениетіне қолдау көрсететін
стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы жəне потенциалын көрсетіп,
оның тарихи тəжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.
66.Қазақстан жəне Еуразия экономикалық одағы: ҚР Президентінің Еуразия идеясы.