Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы



Pdf көрінісі
бет29/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


43 

 

2  БАЛАДАҒЫ  СӨЙЛЕУ  МӘДЕНИЕТІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 



ӘДІСТЕМЕСІ 

 

2.1  Ата-ана  мен  бала  арасындағы  карым-қатынас  негізінде  сөйлеу 

мәдениетін қалыптастырудың бағыттары 

Зерттеу  жұмысымыздың  бұл  бөлімінде  отбасындағы  ата-ана  мен  бала 

арасындағы  қарым-қатынас  мәселесін  шешудегі  негізгі  психологиялық-

педагогикалық  бағыттар  қаралады,  Мақсатқа  жету  үшін  қалыптастыру 

экспериментінің  бағдарламасы  құрылды.  Қалыптастыру  экспериментіне 

анықтаушы  экспериментке  қатысқан  ауылдық  жердегі  отбасынан  45  ата-ана 

мен 45 бала, қалалық жердегі отбасынан 45 ата-ана мен 30 бала, барлығы 165 

адам қатысты. 

Эксперименталды  бағдарлама  екі  блоктан  тұрады.  Бағдарламаның  бірінші 

блогында  отбасылық  қарым-қатынаста  ата-аналарға  арналған  көмек,  кеңестер 

қарастырылған.  Ата-аналар  үшін  негізгі  психологиялық-педагогикалық  құрал 

ретінде «Ата-аналарға арналған семинар» ұсынылып отыр. 

Ал, бағдарламаның екінші блогы баланың қарым-қатынасқа түсу мәдениетін 

барынша жоғарылатуды көздейді. 

Сонымен,  қалыптастыру  экспериментіне  толығырақ  тоқталайық.  Отбасы 

тәрбиесі  мен  ол  жердегі  қарым-қатынас  мәселелері  бойынша  жүргізілген 

зерттеулер  қазіргі  кезде  көптеген  ата-аналар  үшін  психолог-мамандардың 

көмектері  қажет  екенін  көрсетті.  Дегенмен  де,  ақыл-кеңестер  тек  проблемалы 

отбасылар  үшін  ғана  емес,  олар  кез-келген  отбасында  қажет.  Кеңестер  әрбір 

отбасы  мүшелерін  қарым-қатынаста,  тәрбиеде  өзара  ымыраға  (компромисс) 

келуге  бағыттайды.  Ата-аналар,  тәрбиешілерге  арналған  психологиялық-

педагогикалық  көмек  бала  тәрбиесіндегі  қызметті  орындауда  берілетін 

нұсқаулар  түрінде.  Осыған  дейінгі  анықтаушы  экспериментіндегі  зерттеулер 

әсіресе,  ата-аналардың  мамандар  көмегін  қажет  ететінін  көрсетті.  Ал  біздің 

ұсынып  отырған  ата-аналарға  арналған  психологиялык-педагогикалық 

көмегіміз  -  бала  тәрбиесі  мен  ата-аналар  қызметін  орындаудағы  білім-

іскерліктер жиынтығынан тұрады. 

Қазіргі  кезде,  психология,  педагогикада  отбасы  қарым-қатынасына 

бағытталған көптеген тұжырымдамалар бар және де олар отбасындағы ата-аналар 

төрбиесінің  үлгілерін  (модель)  құрайды.  Атап  айтсақ,  ондай  үлгілерге:  жеке 

тұлға  болып  қалыптасуда  бала  үшін  отбасының  көңіл-күйі,  құндылықтары 

басты фактор болып есептелген  — Адлер үлгісі жатады (А.Адлер). Бұл үлгіде 

«теңдік», «ынтымақ», «бірлік» отбасы тәрбиесінің басты ұғымдары болып, олар 

арқылы  бала  қоғам  ережелерін,  мәдениетті,  дұрыс  қарым  -  қатынас 

ұйымдастыруды үйренеді. 

Отбасы  тәрбиесіндегі  келесі  бір  үлгіге  транзактылы  талдауға  негізделген 

үлгі жатады (М.Джеймс, Д.Джонград). Аталған үлгіде индивидуымның   жеке   

тұлғасы  Э.Берннің    транзактылы  талдау  тұжырымдамасына  сәйкес,  оның 

«мен» деген  күйін білдіретін  факторлармен анықталады. Адам бұл әрекетті 

әр  түрлі:  балаша,  ересектерше  және  ата-аналарша  орындайтыны  туралы 



44 

 

жоғарыда көрсетіп кеттік. 



Осы  үлгілердің  бәрін  ескере  отырып,  зерттеу  жұмысымызда  ұсынылып 

отырған  отбасылық  қарым-қатынаста  ата-анаға  арналған  көмек  -  үлгі,  ата-

аналарған  семинарлар  -  топтық  терапия,  нұсқаулар  мен  кеңестер  түрінде 

жүзеге асырылады (4-суретте көрсетілген). 

Үлгі  ретіндегі  ата-аналарға  арналған  семинар  тақырыптары 

төмендегідей: 

1.  Балада дұрыс ойлау үрдісін қалыптастыру. 

2.  Баланы мәдениетті сөйлеу үрдісіне тәрбиелеу. 

3.  Уәдеде тұру қиын ба? 

4.  Дастархан басында өзіңді ұстай бІлу. 

5.  Төмен көңіл-күйдің себептері. 

6.  Жақсы және жаман әдеттер. 

7.  Балаңыз өтірік айтса... 

8.  Бала тәртібіндегі ауытқудың алдын алу. 

9.  Олар неге келіспейді? 

10.  Қарым-қатынас әлішіесі. 

11.  "Ғажайып сөздер" құпиясы. 

12.  Баланы ұлттық мәдениет дәстүрлерімен таныстыру. 

13.  Теледидар дос па, әлде дұшпан ба? 

14.  Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. 

15.  Бала тәрбиесіндегі отбасының орны. 

16.  Біз бір үйде тұрамыз. 

17.  Балалардың достығы. 

18.  Менің балам жалқау... 

19.  Мөдениетті бала - ата-ананың айнасы. 

20.  "Қарым-қатынастағы табиғилық" дегенді қалай түсінесіз? 

21.  "Тыйым сөздердің" ықпалы. 

Төменде осы үлгідегі тақырыптардың бірнешеуі талданған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет