тәрбиесіндегі сөздік қарым-қатынаста байқалатын бес-жеті жас аралығындағы
54
тәртібінде түрлі мәселелерді тудырып отыр.
Анықтаушы эксперименттерінің нәтижелері қазақ отбасындағы ата-ана мен
баланың қарым-қатынас психологиясы - сол отбасының жалпы күй-ахуалына,
тәрбие тәсілдеріне (үстемділік-әкімшілдік, қамқоршылдық, қақтығысушылық,
араласпаушылық-немқұрайлық, ынтымақтастық) байланысты екенін көрсетіп
берді. Ал, әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішіндегі
отбасы мүшелерінің жас ерекшелігі, туысқандық қатынастар бойынша
құрамының әр түрлі болуы (екі ұрпақ, үш ұрпақ жиынтығы), отбасы өмірінің
тәсілі (стилі), материалдық байлық пен рухани құндылықтарды пайдалану
мүмкіндігі, ата-ананың әлеуметтік кемелдігі, осылардың бәрі баланың
күнделікті өмірін ұйымдастыру жөне оған деген тәрбиелік ықпал жолдарын
анықтайды. Отбасындағы микроклиматтың дұрыс болуы педагогикалық
ықпалдың тиімділігін арттыруға септігін тигІзеді. Өзара құрмет, достық, сенім
атмосферасында өскен бала жетекке оңай жүріп, тәрбиелік әсерге көнгіш
келеді. Ал, отбасындағы ата-ананың балаға деген немқұрайлы қатынасы, ол
жердегі қолайсыз жағдайлар, балаға кері әсер етіп, оның тәртібінде
эмоционалды ауытқулардың пайда болуына себепті болады. Сондай, бала
тәртібіндегі эмоционалды ауытқулардың болу себептерін, мектеп жасына дейінгі
баланың қарым-қатынас әрекетіне қатысты іргелі зерттеулер жүргізіп жүрген
Г.М.Бреслов (1990) былай топтайды:
1. Сәбилік шақтағы балада, оның эмоционалды дамуының басты
көрсеткіші болып табылатын «жандану жүйесінің» болмауы;
2. Үлкендердің жасаған қарым-қатынасына сәбидің адекватты емес
эмоционалды реакциясы;
3. Баладағы жағымды эмоцияның тапшылығы;
4. Бала тәртібіндегі шамадан тыс сақтық, қорғаныш;
5. Ертегі, теледидар бағдарламаларын тамашалау барысындағы баланың
эмоционалды децентрациясының, яғни баланың басқа біреуге деген қуаныш,
әбіржу сезімінің жоқтығы .
Ал, қарым-қатынаста байқалатын агрессия, қиқарлық, эгоизм, тұйық мінез
сияқты баланың тәртіп түрлері отбасындағы ата-ана мен балаға арнайы
ұйымдастырылған түзету жұмыстарын қажет етеді. Кез-келген отбасының
рухани деңгейі қаншалықты жоғары болса, оның эмоционалды тыныс-тіршілігі
соншалықты тұрақты болады. Ол жердегі өзара келіспеушіліктер әлі толығымен
жетіліп болмаған бала психологиясында шамадан тыс қозушылық,
ұстамсыздық, тітіркенушілік, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық,
кекшілдік, бірбеткейлік, агрессия тудырады.
Ондай бала көп жағдайда, ашушаң келеді. Баланы отбасында шексіз еркелетсе
де, ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-піседі. Отбасылық алшақтықта
бала психологиясына кері әсер етіп, оның жүйке жүйесінің бұзылуына негіз
болады . Ондай жағдайда бала психологиясы мен төртібінде сыртқы дүние,
қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті кейде жауластық сияқты қатынастар
пайда болады. Мектеп жасына дейінгі бала тәртібіндегі осындай
құбылыстардың алдын алу және түзету мақсатында, зерттеу жұмысымыздың