Басқару талдаудың негізгі мәселелері болып өнім өндіру, оның
шығындарын талдау табылады. Дәлірек айтқанда: өнімді өндіру мен сатуды
талдау; өнімнің өзіндік құнын талдау негізгі құралдарды пайдалануды
талдау; материалды ресурстарды пайдалануды талдау; еңбек ресурстарын
пайдалануды талдау; маржиналдық талдау; маркетингтік талдау жатады.
Қаржылық талдау мәселелері: кәсіпоорын активтері мен пассивтерін
құрылымдық талдау; баланс өтімділігін талдау; қаржы тұрақтылығын талдау;
кәсіпорын төлем қабілеттілігін талдау; қаржылық коэффициентті талдау;
капиталды қалыптастыру мен орналастыруды талдау; кәсіпорынның
қаржылық нәтижесін талдау болып табылады.