ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі
себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі
көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдырға ақша қаржыларын, қысқа
мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез
өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы
пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің
қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар
және
басқа
пассивтер
кіреді.
Төлем
құралдарының
ағымдағы
міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді.
Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке
қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу,
еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті
көрсетеді. Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен
матамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық