116
өткізу жағдайын есепке ала отырып тұрақты мұқтаждығын қамтамасыз етуі
тиіс.
Норма - айналым қаражаттардың белгіленген шамасы (күн,
% т.б.
өлшем).
Норматив - айналым қаражаттары элементтері бойынша ауыспалы ең аз
шамадағы қорларды құруға арналған қандай да бір жоспарлы кезеңде
кәсіпорынға қажетті ақшалай қаражаттың реттелген сомасының көлемі.
Материалдық құндылықтардың нормадан артық қорлардың пайда
болуының себептерінің бірі нормалар мен нормативтердің жеткіліксіз түрде
негізделгені болып табылады.
Шығындар нормасы - бұл шикізаттың, материалдарың, отынның, электр
энергияның және т.б. өнім бірлігін дайындауға немесе жұмыс бірлігін
орындау үшін шығатын шығындардың ең көп рұқсат етілетін және
қажеттілігі ең аз жоспарлы көлем. Шығындар нормасы материалдардың
қажеттілігін есептеу үшін негіз болып табылады.
Қорларды және соған сәйкес өндірістік қорларға салынған қаражат
сомасын басқарудың мақсаттарының бірі - қор жағдайын бақылап отыру
болып табылады. Қорларды басқару жүйесінің барлық түрлері 2 негізгі
түрлерге келіп тіреледі:
1) Тапсырыс белгіленген мөлшерде;
2) Тапсырыс өзгермелі мөлшерде.
Кәсіпорынның өндірістік нәтижелері мен қаржылық жағдайына өнірістік
қорлардың сапасы көп әсер етеді. Өндірістің барысы мен өнім сатудың
қалыптылығы үшін қорлар оңтайлы болуы керек. Қорлардың көптеп
жиналып қалуы кәсіпорын белсенділігінің төмендеуін білдіреді. Жоспардан
тыс көп қорлар айналым капиталының айналымдылығын баяулатады, оның
салдарынан кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлайды, мүлік салығы
көбейеді, өтімділік мәселесі пайда болады, шикізаттар мен материалдардың
бұзылуы жоғарылайды, қоймада сақтау шығыны өседі, осының бәрі
кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне теріс әсерін тигізеді.
Сонымен қатар қордың жетіспеушілігі (шикізат, материалдар, отын, т.б.)
кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді, өйткені жеткізуді
тездеткені үшін баға көтеріледі, өндірістің тоқтап қалуына байланысты өнім
өндіру қысқарады, шикізат қорлары бағасының өсуі сезіледі, табыс сомасы
азаяды. Сонықтан әр кәсіпорын өндірісті уақтылы және толық көлемде
барлық қажетті қорлармен қамтамасыз етуге және олардың қоймада жатып
қалмауын болдырмауға тырысу керек.
Материалды ресурстарды пайдалануды талдаудың негізгі формалары
№1ПФғ, №1Т, №1П, тағы басқалар.
Материалды ресурстарды
Достарыңызбен бөлісу: