«Клиникалық пәндер» кафедрасы
044-67/ ( )
12 беттің 4 беті
Жұмыс оқу бағдарламасы
Пәннің оқыту мақсаты: білім алушыларға клиникалық тексеру әдістерін үйрену
нәтижесінде,науқасты тексеру кезінде негізгі кәсіптік шеберлік әрекеттері, клиникалық ойлау
негіздері, клиникалық синдромдарды өз бетінше диагностикалау әдістемесін жүргізе білуді
қалыптастыру.
«Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру
барысында оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: дәрістер, тәжірибелік
сабақтар,бақылау жұмыстары және т.б.
Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Қалыпты анатомия», «Қалыпты физиология», «Мейірбике ісі
негіздері», «Фармакология», пәндерінде алынған білімі, дағдылары және іс – әрекеттеріне
негізделеді. Пәнді оқыту барысында басқа клиникалық пәндермен: микробиология,
патологиялық анатомия, патологиялық физиология мен байланыстырыла (интеграцияны)
өткізілуі қажет.
Пәнді оқыту кезінде тәжірибелік сабақтарды науқас төсегінде өткізу ұсынылады. Ол үшін
клиникаға дейінгі бөлмеде тақырыпты меңгеріп, машықтанып, оқытылуы керек, білім беру
үрдісінің инновациялық технологияларын қолдану керек. Бағдарлама қарастырылғанда басқа
клиникалық пәндермен: мейірбике ісі, педиатриядағы мейірбике ісі, хирургия, акушерлік және
гинекология, басқа да кәсіби пәндермен интеграцияны өткізілуі қажет.
МЖМБС бойынша базалық, кәсіби және арнайы құзырлықты қалыптастыруға арналған
модульдық оқудың құрылымы енгізілген.
Қорытынды бақылау түрі – Емтихан .
Достарыңызбен бөлісу: