Үлкен үйдегі үрей да қаласың, – деп шешесі көнбей қойды. Бойжеткен қо лы-
на аттестатын алғанымен қайда барып жоғары білім аларын
білмей басы дал болды. «Жөн көрсетіп, жоба берер», деген
Ырысты аяқ-асты қайтыс болды. Өзімен бірге оқы ған дар-
дың біразы Ресейге қарай тартты. Көкесі Қуаныш:
– Айналайын, үйге жақын мына Қарағандыда бар шы ғар
сен оқитын оқу, – деп қоймады. Ол кісі де апасына қо сы лып
алған, Алматыны аузына да алмайды. Олар үшін Алматы
тіпті жердің түбі сияқты. Сонымен амал жоқ əке-шешеден
аса алмай, Қымбат Қарағандыға тартты. Көкесі өзі ертіп
əкелді, осында нағашылары тұрады екен, əркіммен сұ рас ты-
рып жүріп үйлерін тауып алды. Қас қарая ұзынды-қыс қа лы
болып өмірі көрмеген əкесінің нағашысының үйіне кел ді.
Қайырбай деген есік пен төрдей кісі екен.
– Ой, апамның көзі, – деп əкесін қайта-қайта құшақтап
амандасып, қойын сойып сəре-сəре болды. Əйелі де аң-
қыл да ған байғұс екен, Қымбатты отырғызуға жер таппады.
Айналып-толғанып жүр. Осы кісілердің ыстық ықыласы ма
Қымбаттың жолы ашылып, маңдайы жарқырап сол за ман да-
ғы ең керемет оқу орны – Қарағанды кооперативтік институ-
тына түсті де кетті. Алып келген əкесі қызы аламан бəй ге ден
озып келгендей Қымбатты үкілеп сабағы басталғанша үйге
алып қайтты.
Қымбат көкесі екеуі есіктің алдына жақындағанда алды-
нан көрші Шолпан тəтесі шықты.
– Қымбат, айналайын оқуға түскенің құтты болсын, – деп
маңдайынан сүйді.
– Ырыстымен бірге Алматыға оқимыз деп жүр едіңдер.
Тағ дыр осылай болды ғой, – деп көзіне жас алды. Екі-үш
ай бұрын мезгілсіз қайтыс болған тұңғышын ойлап көңілі
босады байғұс ананың. Оның Ырыстысы да осындай көрікті
қыз болып бойжетіп, «Алматыдай астанада дəрігердің оқуын
оқып жүр» деп мақтанып жүруші еді. Қымбаттың көкесі
Қуа ныш замандасының көңілін аулағысы келіп: