1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;
2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан
босатылған;
3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;
4) жұмыскер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
5. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс
берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан
бас тартқан жағдайда,
тәртіптік жаза
қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады.
Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке
таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен
бастап
үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар
хатпен тәртіптік жаза
қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: