электрон сандары екіден аспайды, жай заттарда металдық кристалл торларын түзеді. ІV
период
d–элементтерінің электрондарымен толу сызбанұсқасы сызылады.
Темір атомында электрондардың орналасу ретіне қарап, оқушылар оның тотығу
дәрежелері жӛнінде жорамал жасайды:
+26 Fe 2ē, 8 ē, 14 ē, 2 ē
Жорамалды ӛздеріне белгілі темірдің тотығу дәрежелерімен салыстырады. Әлсіз
тотықтырғыштармен (мысалы, күкіртпен) +2, ал күшті тотықтырғыштармен (мысалы,
хлормен) +3-ке дейін тотығатыны еске түсіріледі:
Fe +S= Fe S – темір (ІІ) сульфиді
2Fe + 3Cl
2
= 2FeCl
3
– темір (ІІІ) хлориді
Темірдің сутегімен, (қыздыру арқылы) су буымен және ауадағы оттегімен +2 және +3
дәрежелеріне дейін тотығу реакцияларының теңдеулері жазылады. Екі қатар оттекті
қосылыстар түзетіні, +2 тотығу дәрежесінде негіздік, +3 тотығу дәрежесінде амфотерлі
қасиет кӛрсететіні тәжірибелер арқылы нақтыланады:
FeО Fe(ОН)
2
Fe
2
О
3
Fe(ОН)
3
Қара ақ қызыл қоңыр қоңыр
Негіздік қасиет амфотерлі қасиет
Fe(ОН)
3
+ NaOH= Na[Fe(ОН)
4
] натрий тетрагидроксоферраты. Бұдан соң темірдің
табиғаттағы қосылыстары, кездесетін жерлері, алынуы және темір қосылыстары мен
құймаларының қолданылуы жӛнінде түсінік беріледі.
Соңында металдар тақырыбы бойынша эксперимент есептері шығарылады.
№ 16 дәріс.
Органикалық заттардың қҧрылысын оқыту әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: