ТҮРКІТАНУ
TURKOLOGY
ТЮРКОЛОГИЯ
ХҒТАР 16.01.45
М.Е. Адилов
M. Narikbaev KAZGUU University, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
(E-mail: m_adilov@kazguu.kz)
Сөз мәнін талдай отырып, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді
оқытудың жолдары
Аңдатпа. Бұл мақалада фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер құрамындағы көнерген
сөздердің мағыналарын түсіндіру арқылы бұларды оқытудың тиімді жолдары қарастырылған.
Күнделікті өмірде жиі қолданылып жүрген мақал-мәтелдердің құрамында мағынасы күңгірт
тартқан сөздер көптеп кездеседі. Студенттер, жастар сол мағынасы түсініксіз сөздерді дұрыс
түсіне алмағандары үшін мақал-мәтелдің мағынасын толық ұға алмайды. Мақал-мәтелдерді толық
түсінбегендері үшін,
оларды керексіз жерде, орынсыз жағдайда қолдану жағдайлары орын алады
Мысалы, «Бүлген елден бүлдіргі алма» мақалындағы бүлген формасын түсінбегендіктен,
«Бүлінген елден бүлдіргі алма» деп өзгертіп қолдануда. Бұл жағдайда мақалдың мағынасы толық
өзгереді. Бүлу – «соғыстың салдарынан, өрттің шығуынан т.б. келеңсіз жағдайлар себебінен
күйреу, аңырау, быт-шыт болу» мағынасындағы көне етістік. Сонда «Бүлген елден бүлдіргі алма»
дегеніміз «Соғыстан қирап қалған, азынап қалған немесе өрттеніп кеткен үйден қамшының сабын
да алмаңыз (бәлесі жұғады, жаман болады деген ырыммен)» мәнін білдіреді. Ал бүл- орнына әде-
би тілдегі бүлін- формасын қолданар болсақ, мақалдың мағынасы толықтай өзгеріп шыға келеді.
Осындай жағдайлар орын алмауы үшін зерттеуде мағынасы түсініксіз сөздердің мәнін ашу арқылы
фразеологизмдерді дұрыс түсіну жолдары көрсетілген, жиі айтылатын тұрақты тіркес құрамындағы
көнерген сөздердің түп-негізі түсіндірілген, сондай-ақ оларды қалай оқыту керектігі туралы сөз
қозғалған. Мағынасы күңгірт тартқан сөздердің негізгі тізімі жасалып, қазақ тілі оқытушыларына
фразеологизмдерді оқыту үшін бағыт-бағдар көрсетілген.
Түйін сөздер: мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, көнерген сөздер, қазақ тілін оқыту, түркі
тілдері, түркі жазба ескерткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |