Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология



Pdf көрінісі
бет34/45
Дата27.07.2020
өлшемі0,55 Mb.
#75631
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
Cөз мәнін талдап оқыту

3. Арулап қойды “Құрметпен қадірлеп жерледі [2, 64]. 

Тұрақты тіркесті сөзбе-сөз «тазалап қойды» деп аударып берсек те болады. Өйткені 

мұндағы  арулау  етістігі  түркі  тілдеріндегі  «тазалау»  мағынасындағы  сөз.  Қазақ  әдеби 

тілінде болса, тек сөз еткен тұрақты тіркес құрамында сақталған.   

Қазақ говорларында арулау етістігінің сақталғаны байқалады [8, 73]. 

Қазақ  тілінің  қысқа  этимологиялық  сөздігінде  «тазалау»  мағынасындағы  арулау 

етістігінің тек ақ жуып арулады тұрақты тіркесінде сақталғаны баяндалған [9, 42].  

Тұрақты тіркес құрамындағы арулау етістігінің түбірі, орхон ескерткіштеріндегі арығ 

«таза» (T.37) сөзі. Қазақ тіліндегі «сұлу» мағынасындағы ару сөзі де осымен байланысты. 

Қазақта қыз баланың сұлулығы ең бірінші тазалығымен есептелген. Сол себепті ару деп 

«таза» қыздарға айтылған. Кейінірек «таза» мағынасындағы ару сөзінің мағынасы кеңейіп 

«сұлу  қыз;  жалпы  әйел  заты»  мәндерінде  жұмсалатын  болған.  Сөздің  алғашқы  «таза» 

мағынасы ұмытылған.      

Диуани Лұғатит Түрк ескерткішінде арығла- «көп зат ішінен ең жақсысын таңдау, 

тазасыны таңдау» (DLT 153/133) [5, 133].  

Түрік тілінде arıla- “тазалау” (TS 2011: 149); ұйғыр тілінде ерикле- (YUTS 2013: 

126); татар тілінде арула- (ТTAС I 1977: 73); құмық тілінде ариуле- «жөндеу, әшейкеулеу, 

әдемілеу» (KumTS 2011: 40); алтай тілінде арула- “тазалау” (ATS 1999: 29); тува және хакас 

тілдерінде арығла- “тазалау” (ТувРС 1968: 71; HTS 2007: 50). 

Моңғол тілінде ариғ «таза», ариғула- «тазалау» (MTS 2003: 84).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет