Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология
// Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University, Political Science. Regional Studies. Oriental Studies. Turkology Series, № 3 (128)/2019
101
анамыз емес демекші, әр ұқсайтын нәрсені атамыз санау дұрыс емес-ау. Яғни омонимдес
сөздердерді ажырата білуіміз қажет-ақ.
Нақты тілдік фактілерге сүйене отырып, сөздердің мәнін ашу керек. Этнографиялық
зерттеулер өте қажет шаруа, оны да тілдік факті негізінде пайдалану керек алайда түркі
тілдерін салыстыра зерттеу қағидасын ұмытпау керекпіз. Сөз ұқсайды деп, ұқсайдымен
байланысты көру өте жеңіл шаруа. Нағыз іс сол – сөзді көне түркі жазба ескерткіштерінен
немесе қазіргі түркі тілдерінен іздеу.
Сонымен, қолқа салды тұрақты тіркесіндегі қолқа «өтініш, тілек, қалау»
мағынасындағы сөз екен. Қолқа сөзінің түбірі, «тілеу, қалау, өтініш айту» дегендегі қолу
етістігі.
Қорытынды. Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиеті мұрасы болғаны үшін бұларда бұл
күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған я болмаса мағынасы өзгерген сөздердің
кездесуі заңды. Сондай сөздердің сырын біліп, қолданылған жеріндегі мағынасын түсіну,
олардың түп-төркінін танып отыру өте қажет деп білеміз. Бұларды оқытушы оқушыларға
оқыту керек деп ойлаймыз. Әсіресе бүгінгідей ана тіліміз – қазақ тілінің дәрежесі көтеріліп,
әлеуметтік жүгі артқан кезде, осы тілдің барша байлығын игеру, тарихын білу – рухани
парызымыз болмақ. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер құрамында кездесетін, қазіргі
көпшілік оқырманға түсініксіз бірқатар бейтаныс сөздер оқытушы тарапынан мүмкіндігінше
түсіндіріліп тұрғаны жөн. Дұрыс түсіндірілген сөз арқылы, фразеологизмдерді дұрыс
түсіну мүмкіндігі туады. Сөз төркінін білсе, фразеологизмді орнында дұрыс қолдана алады.
Құрамындағы сөздің мағынасын түсінбесе, фразеологизмді дұрыс түсінбей орынсыз жерде
қолданып қалуы мүмкін. Немесе ол сөздің мағынасы түсініксіз болғаны үшін басқа сөзбен
алмастырып жіберу мүмкін, ұқсас сөзді орнына қолданып, фразеологизмнің негізгі мағы-
насынан ауытқуы мүмкін.
Осы, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді оқушылар, жастар дұрыс түсіну үшін бұл
мақала жазылған. Мағынасы күңгірт тартқан сөздердің негізгі тізімі жасалған. Бұл тізім
қазақ тілі оқытушыларына фразеологизмдерді оқытуда, сөздердің мағынасын ашуда
пайдаға жарауы тиісті.
Қазақ ғылымында мақал-мәтелдердің түсіндірмелі сөздігін жасау ісі жүргізілмей тұр.
Қазақ мақал-мәтелдерінің біршама бөлігі арнайы талдауды, түсіндірмелі түрде мағынасын
ашуды талап етеді. Солардың бірі сөз қозғап жатқан мақалдар. Бұлардың сырын, тегін,
мән-мағынасын біле жүру, бір жағынан, қалың көпшілік үшін қызғылықты болса, екінші
жағынан, ана тіліміздің байлығын игере түсулеріне, мұндай сөздерді орнымен қолдана
білулеріне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |