Көп таңдауы бар тапсырмалар
Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде
шектелген, дәйекті жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі
компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс жауап –
тапсырманың кілті, ал дұрыс емес жауаптары дистракторлар болып табылады.
Тапсырманың мәтіні барынша қысқа болуы және сұрақтың мазмұнын анық көрсетуі
тиіс. Тапсырманың сауатты құрастырылуы аса маңызды. Тапсырма мәтінінің күрделі түрде
берілуі білім алушының тапсырманы түсінуін қиындатады. Тапсырма орфографиялық және
грамматикалық ережелерді сақтай отырып құрастырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |