Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Бағалаудың  дамытуға  бағытталуы



Pdf көрінісі
бет9/67
Дата22.08.2020
өлшемі1,05 Mb.
#76469
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Байланысты:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық

Бағалаудың  дамытуға  бағытталуы.  Бағалау  білім  алушылардың,  мұғалімдердің, 

мектептің,  білім  беру  саласының  даму  бағытын  анықтайды  және  ынталандырады.  Білім 

алушылардың  қандай  білім-дағдыларды  меңгергені  туралы  ақпараттарды  жинау  мен 

талдауға  негізделген  бағалау  білім  беру  процесінің  алдағы  қадамдарына  қатысты  негізді 

шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 

 

 

 

 





2. БАҒАЛАУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ 

Бағалау процесін  зерделеу өзектілігінің көптеген себептері бар. Табысты оқу көптеген 

факторларға  тәуелді,  олардың  арасында  психологиялық  тұрғыдағы  ынта-жігер, 

оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, педагогикалық тұрғыдан тиімді әдіс-тәсілдерді 

таңдау, эмоциялық тұрғыда оқушылардың алаңдаушылығы, т.б. кездеседі. Бағалау үдерісінде 

барлық  факторлар  бір-бірімен  өзара  байланысты  болып,  бірін-бірі  толықтырады.  Бағалау 

барысынды оқу нәтижесіне ықпал ететін барлық фокторларды ескеру маңызды. 

Баға  оқушылардың  білім,  білік-дағдыларын  әртүрлі  критерийлер  бойынша  бағалау 

нәтижелерінен құралады, мысалы, зерделенетін материалдың көлемі, осы материалды түсіну 

және  қолдану,  материалды  пәннің  талабына  сәйкес  рәсімдеу,  материал  бойынша  жазу 

жұмысына берілген уақытты пайдалана білу және т.б. 

Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  тәжірибесі  бағалауға  арналған  тапсырмаларды 

саралау,  бағалаудың  тиімді  құралдары  мен  әдіс-тәсілдерін  қолдану  оқушылардың  оқуға 

деген  ынтасын  арттырып,  өзінің  дербес  даму  бағытын  анықтауына  оң  ықпал  ететінін 

көрсетеді.  Бағалаудың  мақсат-міндеттері,  нысандары,  қағидаттары,  әдіс-тәсілдері  мен 

формалары,  бағалау  құралдары  білім  беру  процесінің  барлық қатысушыларына  (оқушылар, 

мұғалімдер, ата-аналар мен мектеп әкімшілігі) түсінікті болуы тиіс. 

Бағалау процесін ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады: 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет