Сындарлылық
теориясы
лат. constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық
(философия) – таным бейнесі ретінде емес, субъектінің әлемнің
интерпретациясын (моделін) белсенді құруы ретінде қабылданатын
тәсіл. Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер
арқылы, болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын
түсінік. Барлық жаңа оқулар адам бұған дейін білетіннен басталады,
адамның бұдан қандай білім алып шығатыны осыған байланысты
болады.
Сындарлы оқу – талдау, эксперимент, жетекшілік ету арқылы
жүргізілетін зерттеу, тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты белсенді
зерттеу әдістерін пайдалану кезінде түсініктер мен дағдыларды
қалыптастыру арқылы оқу. Сындарлы оқу дағдылардың ықпалдасып,
мәселені/проблеманы терең түсінуге көмектеседі.
Сыни бағалау
әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін
талдау және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын
немесе болмағанын түсіндіру қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |