Эссенің кіріспесін жазу барысында жіберілетін негізгі қателерге талдау
жасау
1. Кіріспе құрылымға сай жазылуы керек: алғы сөзден эссенің
тақырыбына қарай «өту» – эссе тақырыбының өзектілігін анықтау – эссенің
негізгі тезисін анықтау – «көпір». Осы құрылымды сақтау – қатаң талап
болуы керек. Құрылымнан ауытқу, «еркін» тұжырымдар жасауды әдетке
айналдыру – қате деп танылуы керек.
2. Жұмыстың қорытынды нәтижесіне қол жеткізу – мәтіннің
қолжазбасымен жұмыс жасаудың аяқталғанын білдіреді: сөйтіп эссе
авторы белгілі бір ереженің бар екеніне көз жеткізуі керек: мәтіннің
бірнеше нұсқасын қайта-қайта қарап, талқылауға болады. Оқушыларың
бір бөлігі материалды меңгергенін, сондықтан тапсырманы «бір деммен»,
қолжазбасын шимайламай, таза параққа жаза алатындай жағдайлар
кездесіп отырады.
3. Сыни талдаудың басы нысаны – идеялар деңгейі ғана емес, эссенің
мазмұнын жеткізудің тілдік формасы болуы шарт. Мұнда кіріспе мәтінінің
ретті алгоритмі логикалылыққа және мәтіннің бірқалыпты қозғалысына
қатаң бағынуы керек (ағылшын тіліндегі flow сөзі «ағым» идеясымен
ассоциацияланады).
4. Кейбір авторлар эссені мәтінмен жұмыс жасай бастағанда емес,
мәтінмен толық жұмыс жасауды аяқтаған соң жазады. Олар бұл – уақытты
үнемдейді деп ойлайды. Айта кететін жайт – кіріспенің қолжазба бөлігін
жазып, түзетулер мен өзгерістер ендірудің маңызы зор.
5. Мәтінге түзетулер ендіру және редакциялау – мәтінді орфографиялық
және пунктуациялық қателерден «тазалауға» мүмкіндік беріп қоймай,
автордың мәтінді анық және айқын жеткізуге, оқырманға / сарапшыға
бірден әсер ету күшін іздеуге септігін тигізеді. Бірнеше мәрте, өз
тәжірибемде мәтінді бірінші кезеңде редакциялау және авторедакциялау
(өз бетімен редакциялау және жазғанына өздігімен баға беру) – эссені
жазудың сенімді тәсілі екеніне көз жеткіздім.
- 10 -
Достарыңызбен бөлісу: |