А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



Pdf көрінісі
бет87/93
Дата12.09.2020
өлшемі0,79 Mb.
#78179
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Байланысты:
Тажибаева А.Х. Трудовое право

 

Есеп 30 

 

«Фоварит» АҚ директоры дағдарысқа байланысты, өзінің бухгалтерлерін 



қысқартуды  (сокращения)  ұйғарады.  Оны  естіген  бухгалтерлер  жұмыс 

берушіден, олардың отбасылық жағдайын айтып жұмыста қалдыруларын талап 

етеді. Бірақ, директор басқа ешқандай шара жоқ екендігін түсіндіреді.  

 Жұмыстан  қысқартылған  бухгелтерлерге  қандай  көлемде  өтемақы 

(компенсация) төленеді?  

Еңбек кітапшасына олар қысқартылған деп жазылады ма? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



19 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

5 Іскерлік ойын. Әдістемелік нұсқама. 

«Іскерлік ойын» жобасы  

«ҚР Еңбек құқығы» пәні бойынша 

 

         Жобаның  мақсаты:  «Еңбек  құқығы»  пәнінен  тәжірибелік  сабақтарды 



өткізу  әдістемесіне  өзгерістер  енгізе  отырып,  білім  алушылардың  теориялық 

материалдарын меңгерудің жаңа нысандарын қалыптастыру болып табылады.   

         Жобаның  типі:  оқытудың  кәсіби  маңызды  сапасын  және  студенттердің 

біліктіліктерін  қалыптастыруда  оларды  тәрбиелеуге  және  ұйымдастыруға 

бағытталған.  

         Жобаның көлемі: кішігірім. 

         Жобағының ұзақтығы: қысқа мерзімді. 

         Жобаның күрделілігі: қарапайым. 

         Аталған жоба толық көлемде инновациялық жоба болып табылады. 

 

  Іскерлік 



ойындарды  педагогтың  кәсіби  шеберлігін  дамытуда, 

құзырлылығын  анықтауда  пайдалану  арқылы  оң  нәтижелерге  қол  жеткізуге 

болатынын  күнделікті  тәжірибенің  өзі.  Сабақтарды  іскерлік  ойында  түрінде 

өткізу мамандарды мемлекеттік басқару саласында тиімді болып табылады.         

        Аталған  курсты  оқу  барысында  студенттерге  3  іскерлік  ойынды  өткізу 

ұсынылады. Мынадай тақырыптар бойынша: 

1)  Ұжымдық шартты жасасу. 

2)  Жеке еңбек дауын шешу. 

3)  Ұжымдық еңбек дауларын шешу. 

  

   Аталған  іскерлік  ойында  тек  қана  ситуациялық  жағдайдың  теориялық 



өзекті моделдері ғана емес, еңбек заңнамасын қолдану барысында туындаған 

жағдайларға  да  негізделген.  Мұнда  орын  алған  тәжірибелік  сәтті  әртүрлі 

нормативтік құқықтық актілермен шешуді рәсімдеу маңызды.  

 Әр ойынның ұзақтығы – 2 сағатты құрайды. 

 

Студенттер әр тәжірибелік жағдай бойынша өзара ролдерді бөлісіп, тиісті 



актілердің негізінде өз құзыреттері шегінде істі дұрыс шешуге тырасады. 

         Ойынның  мақсаты  болып,  «ҚР  Еңбек  құқығы»  курсын  оқу  барысында 

алған теориялық білімдерін бекіту болып табылады. 



20 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет