Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата12.09.2020
өлшемі367,35 Kb.
#78366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
!17-ОШ СОч Қазақ тілі Т1

3. 

Күтілетін нәтижелер

 

 



Тыңдалым және айтылым: 

білім  алушы  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени,  оқу-

кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық 

түрде  берілген  нысандарын  таниды;  әртүрлі  өмірлік  жағдаяттарда  ауызша  тілдік  қарым-

қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын 

іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады 

және  диалогты  қолдайды;  проблемалық  сипаттағы  ақпаратты  жинақтай  отырып,  монолог 

құрастырады;  өз  пікірін    қорғайды  және  дәлелдейді;  өз  пікірін  білдіре  отырып,  әңгіме 

нысанасына  қатысты  сөйлеушінің  көзқарасын  бағалайды;  тақырыбы/басы/соңы  бойынша 

мәтін  мазмұнын  болжайды;  өз  сөздерін  ресімдеу  кезінде  грамматикалық,  стилистикалық 

нормаларды сақтайды. 

Оқылым: 

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-

тегжейлі  ақпаратты  (мәтіндік,  сандық,  графикалық)  түсінеді  және  өзінше  түсіндіреді; 

мәтіннің  астарлы  мағынасын  түсінеді;  зерттеп,  шолып,  таңдап,  белгілеп  оқуды,  арнайы 

ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу 

стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды 

талдайды  және  жинақтайды;  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени 

және  оқу-танымдық  аяларына  қатысты  мәтіндердің  құрылымдық,  лингвистикалық  және 

стилистикалық  ерекшеліктерін  салыстырады;  дәлелдер  мен  фактілерді  ажырата  отырып, 

ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды. 



Жазылым:  

білім  алушы  естіген  және  оқыған  ақпараттарын  жинақтай  отырып,  әртүрлі  типтегі, 

жанрдағы  және  стильдегі  мәтіндерді  жазады;  ақпаратты  ұсынудың  әртүрлі  нысандарын 

пайдалана  отырып,  мәтін  құрастырады  (оның  ішінде,  баспа);  ұсынылған  ақпаратты  талдау 

және бағалау қабілетін көрсете отырып,  өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, 

хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-

композициялық,  тілдік  ерекшеліктерін  салыстырады;  анықтамалық  материалды  пайдалана 

отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, 

күрделі  және  жан-жақты  жоспар  жасайды;  орфографиялық,  грамматикалық  және 

стилистикалық нормаларды сақтайды. 

 

 

 



 




ЖОБА 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет