Ә мәтіні
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық
болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып
алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген
қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына
анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар
жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы
Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген
адам – опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын
өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз
халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге болса да
мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді.
1
941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр
сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда
ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы
атанды. Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін
Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады.
ЖОБА
Достарыңызбен бөлісу: |