Семинар сабағына дайындалу әдістемелік нұсқау Қазақстанның ежелгі дәуіріндегі тарихы мәселесі отандық тарихнамада



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата10.12.2021
өлшемі283,84 Kb.
#78657
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
Семинар №1

Бірінші  сұрақты  қарастыру

  кезінде  қазақ  халқының  көне  заманнан 

бүгінгі  күнге  дейінгі  тарихы  әлемдік  тарихтың  маңызды  бөлігін 

құрайтындығын естен шығармау керек. Қазақстанның қазіргі заманғы тарих 

ғылымы өткенді тарихи зерттеуде ұйымдық қайта құруы мен концептуалдық 

тәсілдердің  ауысып  отыруымен  сипатталады.  Тарих  ғылымының    негізгі 

міндеттерінің Қазақстан тарихын кезеңдеудің методологиялық негізін өңдеу 

болып  табылады,  өйткені  кезеңдік  тарих  қазіргі  заманның  тарихи 

шындығына жатпайды. Қазақстанның көне тарихының кезеңдерін зерттеуде 

қазақстандық  тарихнамада  берілген  кезеңдердің    түрлерінен  танысыңыздар, 

археологиялық  кезең  ұғымын  сол  тарихи  процесске  тән  уақыт  жағдайымен 

қарастырыңыздар,  "палеолит"    және  "археологиялық  ескерткіш"  термині 

мағыналарын ашыңыздар, тас дәуіріне жататын археологиялық  ескерткіштер 

түрлерін анықтаңыздар.  

Сұрақты  дайындауды  Қазақстан  территориясындағы  қола  дәуірінің 

ерекшеліктерін  сипаттаудан  бастау  керек.    Сақ  қоғамының  ескерткіштері  

ішінен  Орталық  қазақстандағы  қорғандарын  ерекше  атап  өткен  жөн.  Жазба 

деректердің ішінен ерте грек, ерте  иран және қытай деректерін талдау қажет, 

бұнда  сақ  тайпалары  туралы  көптеген  мағлұматтар  берілген.  Семинарға 

дайындалу  барысында  ең  алдымен  жазба  және  заттай  деректер  мен 

ескерткіштерді мұқият зерттеу қажет, өйткені солардың негізінде біз ғұндар, 

үйсіндер,  қаңлылар  ертетаптық  бірлестігі  жайлы  мәліметтер  аламыз. 

Қаңлылардың ғүндар мен үйсіндермен қатынасын сипаттап, қытаймен, Орта 

және  Алдыңғы  Азия  елдерімен  саяси,  экономикалық,  мәдени  қатынастарын 

көрсету керек.  

Семинар  сабағына  дайындықты  ерте  феодалдық  түрік  мемлекеттері 

туралы  мәлімет  беретін  негізгі  жазба  және  заттай  деректерге  сүйеніп, 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет