түскендей болады. Суықтан соң жай ғана жылы тітіркендіргіштің ӛзі ыстық
сияқтанады. Қышқылды түйісіну тәттіге деген сезгіштікті арттырады.
Синестезия.
Синестезия
дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқа
түйсікті қоздыруы. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік
туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай
жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сӛзін естігенде, бұған қоса түрлі
дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен
- жылылықты, екіншілері кӛгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің
осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, кӛру, сипап сезу, иіс, дәм
түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс ӛмірде онша жиі кездесе
бермейді.
Синестезия
- түйсіктердің ӛзара байланысының шамадан тыс
дамыған бір кӛрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: