1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Кеңістік пен уақытты қабылдау



Pdf көрінісі
бет68/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129
    3. Кеңістік пен уақытты қабылдау
Кеңістік  пен  уақыт  –  материяның  ӛмір  сүруінің  негізгі  формалары.
 
Кеңістікті  қабылдау
  –  заттар  мен  құбылыстардың  кӛлемін,  тұрқын,  түрін, 
аумағын, алыс – жақындығын, тайыз –  тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау 
деген сӛз. Кеңістікті қабылдау ӛте күрделі процесс. Мысалы: заттың кӛлемі мен 
түрін  қабылдау  –  кӛру,  сипай  сезу,  қимыл  –  қозғалыс  түйсіктерінің  күрделі 
үйлесімі  арқылы  ғана  жүзеге  асады.  Дүниедегі  заттың  барлығы  да  кеңістікте 
орналасқан.  Олардың  әрқайсысының  белгілі  тұрқы  (ұзын,  қысқа,  енді,  енсіз, 
биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады.  
    Кеңістікте  орналасқан  заттың  кӛлемін  қабылдауда  екі  кӛзбен  кӛрудің 
(биноқулярлық  кӛру)  маңызы  зор.  Ал  бір  кӛзбен  кӛру  (моноқулярлық  кӛру) 
тереңдік жӛнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір кӛзді жұмып, екі қолды 
бір – біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады. 
     Биноқулярлық  қарауда  екі  кӛзге  түсетін  кескін  қосылып  кетеді  де, 
нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады.  
     Қашықтық  пен  заттардың  кӛлемін  қабылдауда  кӛздің 
конвергенциясы,
 
яғни  екі  кӛздің  кӛрінетін  затқа  бір  кӛздей  болып  әрекет  етуі  қажет  болады 
(конвергенция  –  латынның  конвергере  деген  сӛзі,  қазақша  жақындату  деген 
мағынаны  білдіреді).  Бұл  құбылыс  жақындағы  нәрсені  ажыратуда  байқалады. 
Кӛз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады 
да,  кӛз  ішке  бұрыла  береді.  Кӛздің  түрлі  қашықтықтағы  заттарды  кӛруге 
бейімделу қабілеттілігін  «аккомадация» деп атайды (Аккомадация  – латынның 
аккомадатио деген сӛзі, қазақша кӛз үйрету деген мағынаны білдіреді). Кӛздің 
аккомадациясы  хрусталь  дӛңестігінің  ӛзгеруіне  байланысты  жақын  заттарды 
кӛргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.  
    Қашықтықты қабылдау ӛте күрделі процесс. Мәселен: іштен соқыр болып 
туған  адам  кӛзіне  операция  жасағаннан  кейін  де  қашықтықты  айыра  алмайды. 
Оның  кӛзіне  іліккен  нәрсенің  бәрі  бірдей,  дәл  алдында  тұрғанға  ұқсайды. 
Алыстағы заттар қозғалса да, ӛзі соқтығысып қалатындай кӛрінеді. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет