«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Жүйелілік және өздігінше ұйымдасу



Pdf көрінісі
бет141/372
Дата06.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#79352
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   372
Байланысты:
Философия бак.

Жүйелілік және өздігінше ұйымдасу 
Материалдық жүйелердің өздігінен ұйымдасуы ХХ және ХХІ 
ғасырдағы ғылымдағы орталық мәселелердің бірі.Өздігінен ұйымдасу 
тұжырымдамасы (синергетика) және табиғи процестерді түпкілікті жаңаша 
түсіндіру.
Г. Хакеннің «Синергетика» және И.Пригожин мен И. Стенгерстің 
Хаостан пайда болған тәртіп туындылары. Материя ұйымдасуының барлық 
құрылымдық деңгейлеріндегі өздігінен ұйымдасудың жалпы қағидаларының 
сипаттамасы. Энтропияяның өрлеу заңы. Энтропия, хаос, теңсіздік, 
бейсызықтық және тұрақтылық синергетиканың орталық категориясы. 
Өздігінен ұйымдасу феноменінің диссипативті құрылым ұғымымен 
байланысы. Диссипативті құрылымның элементтерінің когерентті қалпы 
өздігінен ұйымдасу процесінің сипаты ретінде.
«Құрылым», «элемент», «жүйе» ұғымдары. Жүйенің типтері. 
Жүйелілік материя өмір сүруінің тәсілі. Жүйенің формасы мен мазмұны. 
Бүтін мен бөлік. Бүтіндік антиномиясы. Кез-келген уақыттық-кеңістіктік 
масштабтағы материяның ұйымдасуы.
Детерминизм 
Детерминизм ұғымы. Детерминизм табиғи, әлеуметтік және 
психикалық құбылыстардың шартталғандығы туралы ілім. Детерминизм мен 
индетерминизм. Материалдық жүйелер мен процестердің жалпылама 
шартталғандығы. Каузалды детерминация. Себептілік принципі. Себеп пен 
салдар. Себептілік тізбегі. Себептесу процестерінің механизмі. Шарт пен 
себептің арақатынасы. Кондиционализм. Монокаузализм. Толық себеп 
ұғымы және 
кондиционализм мен 
монокаузализмнің 
«түсірілуі». 
Детерминацияның себепсіздік түрлері. Мақсатты (теленомды) детерминация.
 


81 
Обьективті заң. Заңның түрлері. Табиғат заңдары: жалпылық
қажеттілік, тұрақтылық, шарт. Динамикалық заң. Ықтималдық-тұрақтылық 
заңдар. Қажеттілік пен кездейсоқтық. Мүмкіндік пен шындық. Мүмкіндіктің 
түрлері. Абстрактылы және нақты, формальды және шынайы, қайтымды 
және қайтымсыз, мәнді және мәнсіз мүмкіндіктер. Саясат – мүмкіндік өнері. 
Қажеттілік пен кездейсоқтық. Еркіндік және жауапкершілік.
Даму 
Даму ұғымы. Даму диалектика меңгерудің негізгі пәні. Диалектика 
ойлау мен қоғамның, табиғаттың дамуының неғұрлым жалпы заңдылықтары 
туралы ғылым. Дамуға бағытталу диалектиканың өлшемі. Дамудың үлгілері.
Объективті және субъективті диалектика. Диалектиканың үш заңы даму 
сипатының әр түрлі тәсілдері.
Диалектикалық ситез заңы – прогреске бағытталған өзгерістердің 
формасы мен сипатының сипаттамасы. Терістеудің жалпылама сипаты. 
Деструктивті және конструктивті терістеу.
Сандық өзгерістердің сапа өзгерістеріне өзара ауысу заңы жаңа 
сапаның туындауының тетіктерінің сипаты. Сапалық өзгерістердің сандық 
өзгерістермен шартталуы. Өлшем сапа мен санның өзара байланысының 
көрінісі. Қарама-қарсылықтардың диалектиалық қайшылығы дамудың 
қозғаушы күші, көзі. Диалектикалық қайшылық заңының жалпылығы. 
«Қарама-қарсылық», «бірлік», «күрес» ұғымдары. Үйлесімділік пен 
үйлесімсіздік және жанжал 

қайшылықтар дамуындағы кезең. 
Диалектикалық қайшылық заңы дамудың әрбір сәтіндегі анықтаушы әсер. 
Диалектикалық қайшылық заңының кез-келген масштабтағы және кез-келген 
өмір сүру сатысындағы, нәрсенің дамуындағы көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   372




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет