«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет176/372
Дата06.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#79352
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   372
Байланысты:
Философия бак.

 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Тарихи үдерістің бірлігі мен тарихты жүйелеудің қағидаттарын 
анықтау – философия ғылымының ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға 
дейін аса өзекті мәселелерінің бірі. Қоғам өмірінің іргелі негіздерін, оның 
жүйе құраушы факторларын айқындау – әлеуметтік философияның 
еншісіндегі іс. Әлеуметтік үдеріс философиялық ұғым ретінде, қандай да бір 
құбылыстың, қандай да бір даму барысының жағдайы, кезеңдерінің біртіндеп 
ауысуы мағынасын береді. Яғни, әлеуметтік үдеріс адамдар тобының белгілі 


101 
бір нәтижеге қол жеткізудегі дәйекті іс-әрекеттердің жиынтығы, қандай да 
бір қызметті жүзеге асырудың тәртібі. Ал, осы үдерістің тарихи даму 
барысында жай деректер мен жылнамалар емес, онда ең алдымен әрбір 
адамның, халықтың, ұлттың, тұтас адам қауымының сан қилы тағдыры мен 
ғұмыры жатқанын ескерсек керек.
Курстың зерттеу объектісі – әлеуметтік философияның статусы, 
қызметтері және мәні, әлеуметтік-философиялық білімнің тарихы, 
әлеуметтік-философиялық әдіснаманың мәселелері, қоғамның экономикалық, 
әлеметтік, саяси болмысы әлеуметтік даму, әлеуметтік таным сияқты 
маңызды бөлімдерді қамтыған.
Курсының мақсаты мен міндеттері: 
«Әлеуметтік философия» курсының мақсаты бастапқы принциптерді, 
ұғымдарды, әлеуметтік философиялық білімнің парадигмаларын оқыту. 
Негізгі қызметтері: 
− тарих, жалпы әлеуметтану, саясаттанудың әр түрлі салалары 
бойынша түпнұсқалар және деректермен жұмыс істеу;
− қоғамның әлеуметтік өмірінің мәселелері туралы талдаулар жасап, 
еркін пікір алмасу; 
− әлеуметтік-философиялық білімдерді қоғам өмірінң әртүрлі салалары 
мен өзінің қызметінде шығармашылық тұрғысынан қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   372




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет