ДББҰ Басқармасының 2018 жылғы 12 шілдесіндегі
шешімімен бекітілген (№41 хаттама),
ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген
2019 жылғы 22 мамырында (№18 хаттама)
енгізілген өзгертулер мен толықтырулар
Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының
пәндер бойынша «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»
білім беру бағдарламасы тыңдаушыларының портфолиоларын
жиынтық бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу
Ережелері
1.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.
Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру курстарының пәндер бойынша «Бағалау тапсырмаларын
әзірлеу және сараптау» білім беру бағдарламасы тыңдаушыларының
портфолиоларын жиынтық бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу
Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылдың 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және
өткізу Ережелеріне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылдың 15 қаңтардағы №32 «Қазақстан Республикасында орта білім
беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы»
бұйрығына сәйкес жасалған.
2.
Осы Ережелер орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілікті
арттыру курстарының «Математика», «Физика», «Химия», «Биология»,
«Информатика», «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен
әдебиеті», «Орыс тілі» мен «Орыс әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті»,
«
Ағылшын тілі», «География», «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы»
пәндері бойынша «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» білім беру
бағдарламасы (бұдан әрі – Курстар) тыңдаушыларының портфолиоларын
жиынтық бағалау рәсімдерінің ұйымдастырылуын және өткізілуін реттейді.
3.
Портфолионы жиынтық бағалау (бұдан әрі – Бағалау) Курс
тыңдаушыларының пәндер бойынша білім беру бағдарламалары мазмұнын
игеруін анықтау мақсатында және тыңдаушылар портфолиосын жиынтық
бағалаудың нәтижесі бойынша сертификаттауға ұсыныстар беру үшін
жүргізіледі.
4.
Осы Ережелерде төмендегідей негізгі түсініктемелер қолданылады:
1)
ПӨО
–
тиісті тренингтерден өткен оқытушылар құрамын
сертификаттау процесіне қатысатын дербес білім беру ұйымының
«
Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы;
1
2)
Оқыту орталығы
–
Курстарда педагог қызметкерлерді оқытуды
жүзеге асыратын «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі
және оның филиалдары;
3)
тыңдаушы
–
Курстарда оқитын орта білім беру ұйымдарының
педагог қызметкері;
4)
тренер
–
Курстарда тыңдаушыларды оқытуды жүзеге асыратын
тиісті бағдарлама бойынша сертификатталған Оқыту орталығының
қызметкері;
5)
лек –
Қазақстан Республикасының әр аймағында Курстардың бір
мезгілінде оқитын тыңдаушылар тобы;
6)
эксперт –
бағалау рәсімін ұйымдастыратын, тыңдаушылар
портфолиосының жиынтық бағалауын жүзеге асыратын және модерацияны
жүргізетін, тыңдаушылар портфолиоларының жиынтық бағалауы мен
модерация бойынша шешім шығаратын, және уәкілетті тұлғаның
бұйрығымен тағайындалатын ПӨО-ң қызметкері;
7)
Достарыңызбен бөлісу: |