Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет149/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

Негізгі сөздер:
биоремидиация, фиторемидиация, антропогенді 
ластану, поллютанттар, меласса, биотыңайытқыш, ПАБК.
Табиғатта өсімдіктердің антропогендік ластануға бейімділігі және 
тұрақтылығы оның ауыр металдарға тұрақтылығымен белгіленеді. Ол үшін 
салыстырып зерттеудің бірнеше әдісі бар, тамырларды салыстыру және 
протоплазматика. Топыраққа әсер етудің деңгейі түрліше болып келеді, 


200 
көбінесе орналасқан орыны маңызды рөл ойнайды. Осы себепті топырақты 
артық жиналған поллютанттар массасынан тазарту маңызды мәселе болып 
табылады. Оның шешімі өңдеу стадиясында. Осы сұрақты шешудің бір жолы 
бұл фиторемидиация топырақты ластаушы заттарды белсенді сіңіре алатын 
өсімдіктерді культиверлеу арқылы тазарту. Фиторемидиация бірқатар 
органикалық заттардан тазартудың ең тиімділігі жоғары технологиясы болып 
табылады. Өсімдіктерді қатты, сұйық және ауа субстраттарын тазалауда 
пайдалануға болады. ластанған топырақ биоремидиациясы қазіргі кезде 
әскери полигондарды (металдардан, органикалық поллютанттардан),
ауылшаруашылығы алқаптарын (пестицидтер, металдар, селен), өндірістік 
зоналарды (органика, метал, мышьяк), ағаш өңдеу орындарын (ПХБ) 
тазалауда қолданылып жүр. Фиторемидиация әдісімен қалалық ақаба 
суларды, ауылшаруашылығында пайдаланылған суларды және өндірістік 
грунт суларды тазалауда да пайдалануға болады. максималды нәтижеге 
жету үшін фиторемидиация әдісін басқа мысалы биоремидиация немесе 
биологиялық емес тазарту технологияларымен бірге пайдалануға болады. 
Мысалы, өте қатты ластанған субстраттарды экскавация көмегімен тазартуға 
болады. Зерттеудің мақсаты жер беті биомассасында ластаушы заттарды 
жинайтын өсімдік културасын іріктеп таңдау, және бұл кезде сол жердің 
климаттық ерекшеліктерін ескеру. Мұндай өсімдікке жүгері, слат, арпа, 
көпжылдық басқа да шөптесін өсімдіктер бола алады. Олар топырақ 
құнарлылығына талғампаз болып келмейді (мезотрофтар немесе 
олиготрофтар). Қатты ластану жағдайында да өсе береді. Өсімдіктерді 
классификациялау кезіндегі негізі критерий бұл өсімдіектердің топырақтың 
ластауын болдыртпау немесе бұзу. 
Зерттеу әдістері және материалдары. Біздің зерттеуіміз ластанған 
топырақты сорбциялық әдіспен реабитациялау. Бұл өсімдіктер амаранта, 
бұршақ тұқымдас культуралары, амброзия, жүгері, күнбағыс, майлы 
культуралар және т.б. Өсімдіктермен бірге топыраққа цеолиттен тұратын 
балшық та енгізіледі, сонымен қатар бұзылған жерлерді қалпына келтіретін 
био тыңайытқыштар. Осы әдістерге байланысты тәжірибелер Солтүстік 
Кавказ зерттеу институтында және Владикавказ шаруа қожалықтарында 
жүргізілген. Басқа тәжірибеде топырақтардың радиобелсенділігі бұршақ 
тұқымдас кульутаралрдың ұсақталған күнбағыспен араласқан қспаларын 
енгізу арқылы жүргізілді. Вегетацияның соңында ағаш тектес кульутаралдың 
жапырақтарының түсетіндігі бақыланған. Радионуклеидтермен ластанған 
учаскілерде ол жерде радиация 1,2 микроЗиверт/сағ асады, көп жылдық 
бұршақ тұқымдастарды отырғызған (Trifolium repens L.) – 8 кг/га, (ауыспалы 
жоңышқа (Medicaqo Sativa L.) – 6 кг/га. Жалпы бұшақ тұқымдастардың 
қоспасы 20 кг/га құрайды. Зерттелетін учаскінің топырақтары қара 
топырақты. Ол топырақтар ылғалды жақсы ұстайды, гумус құрамы да және 
физикалық қасиеті де өте жақсы болып келеді. құнарлы болып келеді. 
Кейбір жерлерінде бетіне балшықтары да шығып тұрады. Топырақ 
ерітіндісінің сілтілігі нейтралдыға жақын (рН 5,48–6,92). Көптеген 


201 
зерттеулерді жүзеге асыру үшін құрамында цеолиті және макро – 
микроэлементтері бар балшықтар да пайдаланылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет