Негізгі сөздер:
адамгершілік, экология, процесс, тәрбие, мектепке
дейінгі ұйым, балабақша, табиғат.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының қабылдануы
болашақ ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды, үзіліссіз тәрбие негізі
саналатын мектепке дейінгі ұйымдардағы баланы тәрбиелеу мен қарапайым
білім түрін меңгертудің мазмұнын жаңартуды міндеттейді. Себебі бойында
ұлттық сезім, ұлттық болмыс нышандары орныққан, өз Отанының, туған
жерінің табиғатын, оның байлығын жаңашырлықпен қорғап, аялай білетін
жастарды тәрбиелеу – балабақшадағы үзіліссіз тәрбилеумен, оқытумен
жүзеге асырылатын ұзақ процесс. Осыған орай Республикамызда мектепке
дейінгі ұйымдарында жүргізіліп келе жатқан экологиялық тәрбие
жұмысының мазмұны уақыт талабына сай жаңаша сипат алуда [1].
Балабақшадағы сәбилерді жан-жақты дамыту үшін, өлі және тірі
табиғаттың әсерін, жыл мезгілдеріне орай қалай құбылатынын, табиғаттағы
өзгерістердің адам еңбегіне нендей әсер ететінін, жыл бойындағы
маусымдарда табиғатты қалай қорғаудың жолдарын үйрету белгіленген.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мәні мынада: «Мектепке дейінгі балалық
шақ кезеңінде экологиялық мәдениеттің басталуы - құбылыстарға, өмірдің
осы кезеңінде олардың тұрақты ортасын құрайтын жанды және жансыз
табиғат объектілеріне саналы түрде дұрыс көзқарас қалыптастыруға
болады» - деп экологиялық бағдарламалардың авторыС.Н. Николаева
тұжырымдайды.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында және
«Қазақстан
Республикасы
жаңа
формация
педагогының
үздіксіз
педагогикалық білім беру тұжырымдамасында»: «Жаңа формация мұғалімі –
ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді,
жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл
тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық
қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық,
коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген
құзырлығы жоғары маман» болуы тиіс делінген. Демек бүгінгі таңда
ұстаздар қауымына артылатын міндет оңай емес. Ұрпақ тәрбиесіне жауапты
отбасы – қоғам категорияларымен тең дәрежеде ұстаздар тұр десек, қате
57
айтпаған болар едік. Ал жас буынның санасына ең алғаш қарапайым табиғат
ұғымын енгізіп, оны қорғау керек екендігін сіңіретін де осы маман иелері.
Мұғалім қызметін тек қана педагогикалық тұрғыда түсінуге болмайды, оның
іс-әрекет аясына әлеуметтік-саяси, мәдени-ағарту, табиғатты қорғау қызметі
де жатады» [1].
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы,
Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана
перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын
тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық,
түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды,
берілген тәрбие сенімді және негізді.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы
– туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас
ұстазы– ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей,
есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп
баулыған жөн [2].
Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларда мейірімділік және
ұқыптылық сияқты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін
жағдай жасауға, мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді танымдық іс-
әрекетіне жағдай жасау (пәндік орта) және табиғатқа ұқыптылықпен
қарауды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Тәжірибе көрсеткендей,
балалардың көпшілігі табиғат туралы білімге қызығушылық танытады, бірақ
көбінесе білім жарнамадан, мультфильмдерден алынады және олар қате.
Қате ақпарат баланың әлем туралы бұрмаланған идеяларының
қалыптасуына әкеледі.
Балабақшада
пәндік-қоршаған
ортаны
құрудың
маңызды
элементтерінің бірі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оны
дұрыс ұйымдастыру және көгалдандыру екенін атап өткен жөн. Экологиялық
- дамып келе жатқан ортаны байыту керек: 1) гүлзарлар (бүкіл
балабақшада, онда әртүрлі өсімдіктер мен гүлдер отырғызылған); 2)
минилаборатория (зерттеу базасы: тәжірибелер мен эксперименттерді
өткізуге арналған жабдықтар мен материалдар); 3) оқыту мен тәрбиелеу
мақсаттарын ескере отырып, жабық өсімдіктердің түрлік құрамы
шоғырланған табиғат бұрышы;4) шағын бақ (өсімдіктерге күтім жасау
дағдыларын дамыту үшін; мәдени және жабайы өсімдіктермен танысу; өсу
жағдайларын бақылау және гүлзарларға отырғызылған гүлдерді күту);5)
бүлінбеген табиғаттың бұрышы (балалар алаңынан тыс жерде орналасуы
керек, онда әртүрлі жабайы шөптер мен бұталар өседі); 6) бақша; 7) құс үйі;
8) экологиялық жол: бұл балабақша аумағы арқылы абаттандырылған,
қызықты табиғи орындары және тағы басқалары бар аумақ[3].
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің
құралдары - бұл табиғат. Ол балалардың бойында әлсіз, қамқорлықты қажет
ететін, оларды қорғауға мұқтаж жандарға қамқорлық жасағысы келетін
адамгершілік сезімдерін оята алады, баланың бойында өзіне деген сенімділігі
58
артады. Балалардың жеке басының моральдық сферасына табиғаттың әсері
көп қырлы.
Балабақшада жүргізілетін жұмыстарға ертеңгіліктерді жатқызуымызға
болады. Экологиялық іс-әрекет процесі балалардың бойында адамгершілік
қасиетін тәрбиелеуге жол ашады. Мысалы: «Алтын күз», «Құстар күні»,
«Табиғатты сүйеміз», т. б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр
педагогтың ізденімпаз әрекеті арқылы болашақ табиғат жанашырын
тәрбиелей алады. Баланың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін
оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулиды.
Біздің ата-бабамыздың дәстүрінен келе жатқан баланың бойында
адамгершілік қасиетті табиғатты аялауға үйретуден басталатынынан
байқауға болады. Мәселен,«Қарлығаш үйге құт әкеледі, оның ұясын бұзу
обал» деп, осы бір кішкентай құсты қастерлеуге тәрбиеледі. «Қарлығаштың
құйрығы неге айыр?» деген ертегі-аңыз арқылы кішкентай құстарға қамқор
болуға үгіттейді. Осы мазмұндас аңыз-әңгіме, ертегі, ән-жыр айту арқылы
аң-құс, жан-жануарларды, табиғатты ардақтауға, олардың әдемілігіне,
әсемділігіне тәнті болу сезіміне баулиды. «Құстың ұясын бұзба,
жұмыртқаларын жарма, бетіңе шұбар түседі»,-деген сескендіру ескертпе сөзі
арқылы тіршілік атаулыға қамқор болуға үйретті. Қазақ халқының құстарды
аялап-мәпелеп қорғау жолында қалыптастырған дәстүрлері тіпті сан-салалы.
Айталық, ата-бабамыз өзінің жақсы көрген, сүйген адамдарын құстарға,
олардың сымбатына, сәніне теңеген. Мысалы: қыздарға Қарлығаш,
Сандуғаш, Аққу деген есімдер берілген.
Табиғатты қорғауға байланысты ырымдар мен тыйымдардың тәрбиелік
мәні - сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, екшеленіп
сараланып жеткен бай дәстүрлерінің бірі. Әрбір ырым-тыйым сөздің негізінде
қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке, адамгершілікке т.с.с жат қылықтан
безіндіретін фәлсафалық түйіндер жатыр. Абзал тәлімгеріміз Ахмет
Байтұрсынов «ырым етсең-адал ет, жамандықтан аман ет» деп тегін
айтпаған. Күні бүгінге дейін өзінің маңызын жоймаған кейбір ырымдарға
тоқтала кетейік. «Көк шөпті жұлма, көктей соласың» - деп бірінші жағынан
адам өміріне қатысты айтылса, екінші жағынан табиғатты қорғауға
негізделген. «Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба» - мұнда
мұсылманның имандылық заңында тіршілік иесіне залал келтіру кәпірлік,
қазақ қағидасында қатыгездік, зұлымдық саналса, құсты, жәндікті қорғаудың
жолын меңзеп тұр. «Суға дәрет сындыруға болмайды», «Суға түкірмейді» -
деп қайта ішуге тура келеді, суды қорғаудың жолдары көрсетіліп отыр [4].
Осындай ырым-тыйымдарды баланың бойына сіңіру арқылы олардың
бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіретімізді ұмытпағанымыз абзал.
Бала кезінен табиғатты сүю дегеніміз жақсылық жасау дегенді үйретіп,
оған жерді көркейту, жасыл және бай ету үшін не істеуге болатындығы
туралы ойлау керек [5].
59
Сыныпта балаларды оқыту әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады.
Әдістерді таңдау іс-әрекет түріне, оның негізгі міндетіне байланысты. Кейбір
сыныптарда бастапқы білім қалыптасады. Осы мақсатта мұғалім байқау,
суреттерді қарау, көркем әдебиет, әңгіме оқу, кинофильмдер мен фильмдер
көрсету тәсілдерін қолданады. Басқаларында білім нақтыланады, кеңейтіліп,
тереңдетіледі. Осы әдістерге қосымша, бұл білім табиғаттағы балалардың
еңбегін де пайдаланады. Зерттеудің үшінші түрінің негізгі міндеті - білімді
жалпылау және жүйелеу. Ол үшін әңгімелерді, дидактикалық ойындарды,
байқауларды жалпылама қолданыңыз. Жұмыста және ойындарда балалар
алған білімдерін тәжірибеде қолданады [6].
Балалардың табиғатты сезінуіне жол беру өте маңызды. Мұны істеу
үшін сіз олардың назарын орманның маусымдық түстеріне, оның әсемдігіне,
құсбегілерге, шырылдаған шегіртке, шулы жапырақтарға және т.б.
аударуыңыз керек [7].
Жаяу жүру - мұнда тәрбиеші балаларды ұзақ уақыт бойына
қалыптасатын табиғат құбылыстарымен, идеяларымен таныстыра алады.
Мұнда сіз табиғи материалдармен - құм, саз, су, мұз, жапырақтар және т.б
ойындар ұйымдастыра аласыз; сенсорлық тәжірибе мектеп жасына дейінгі
балалар арасында жинақталған, олар табиғи құбылыстарды табиғи
жағдайда барлық қатынастарда көреді. Серуенде балалар табиғатпен
қарым-қатынас жасаудың рахатын түсінеді[8].
Жыл мезгілдерінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы
(жаңбырдың жаууы, адамдардың пайдалы іс әрекеті, ауладағы
жапырақтарды жинау, жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау, т.б.). Қыстап
қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы құстар мен өсімдіктерді
күту, балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер
көмегімен дайындалған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс
өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ,
бүршік, өсімдік) т.б. мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесінің
қарсанында жас шыбықтар отырғызып, оны күтуді күнделікті әдет дағдыға
айналдыру. Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу,
сөз жұмбақтар шешу, дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз
ойларын табиғат көрінісінің суретін салып, әңгімелеп айтып беру. Айналаның
тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық
бірлігін арттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни табиғатты қорғау
көзқарасын дамыту үшін, жыл мезгіліне сай мақсат-міндеті айқындалған
экологиялық тәрбие жұмысы оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады.
Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында білім, көзқарас
пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен
қарым-қатынаста тәрбиелік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты
аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуда негізделеді [9].
Бұдан шығатын қорытынды экологиялық іс-әрекет процесінде
адамгершілікке тәрбиелеу негізінде:
60
балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп баптауға баулу,
олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру.
табиғаттың сан алуан сырлары мен байлықтары жөнінде
эстетикалық және ұлт жандылық сезімдерін дамыту.
табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланыста болатынын
түсіндіру және оған байланысты күнделікті өмірде ескеру қажеттігін үйретіп
отыру.
балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,
осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама
және нақты түсініктерді меңгерту жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық іс-
әрекет процесінде адамгершілікке тәрбиелеуарқылы балаларды өз
табиғатымызды сақтап, оның әсемдігімен таныстыра отыра, табиғат пен
адамдар тығыз байланыста екендігін, олардың бір-бірінсіз тіршілік ете
алмайтынын түсіндіре отырып,табиғатқа қамқор болып, қорғауға
тәрбиелеуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |