9.2. Астыққа стандарт жасаудың принциптері мен негіздері Астыққа жасалған стандарттарды ауыл шаруашылығы мен тамақ
өнеркəсібінің өркендеуіне қарай қайта қарап, өзгерістер енгізіп тұрады.
Бұл міндет астық дайындау мекемесінің стандарт бөліміне жүктелген.
Бұл өте күрделі жəне жауапты жұмыс. Оны жасауға барлық ғылыми-
зерттеу, жобалау институттары мен осы саланың тəжірибелі маманда-
ры қатысады. Осының бəрін Бүкілодақтық астықты зерттеу институты
(ВНИИЗ) қалыптастырады.
Жаңа стандарт жасау үшін осы күнгі астықтың сапасын, оның қай
бағытта өзгеріп бара жатқанын таксереді. Екіншіден, элеваторлар мен
астық қабылдау мекемелерінің жетістіктері мен олардың өркендеу
бағыттары еске алынады. Үшіншіден, оны өңдейтін мекемелердің
мүмкіншілігі мен олардың қажеттері еске алынады. Төртінші – астық
шаруашылығының болашағы ескеріледі.
Стандарттар халық шаруашылығының өркендеу жоспарымен
байланыстырылады. Міне, осындан кейін ғана стандарт жасау үшін
техникалық тапсырмалар беріледі. Қазір астықты өндіру, тазалау,
кептіру, сақтау, өңдеу жəне дайын тағамдар алуға дейін қамтитын
кешенді стандарт жасау бағыты көзделген. Олар жасалып болған соң,
тиісті орындарда бекітіліп, іске қосылады.