Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет130/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.3.4. Қара бидайды стандарттау
Қара бидайға үш стандарт жасалған. Олар: «Азық-түліктік қара би-
дай. Дайындау кезінде қойылатын шарт»; «Азық-түліктік үлестіруге 


194
арналған қара бидай» жəне «Спирт жасауға арналған уыт беретін қара 
бидай».
Бірінші стандарт бойынша, оның күздік немесе жаздық формаларға 
жатуына байланысты, аудандасқан аймақтарына байланысты үш типке 
жəне оның əрқайсысы тармақтарға бөлінген.
I тип – солтүстік күздік қара бидай бес тармақка.
II тип – оңтүстік күздік қара бидай екі тармаққа бөлінеді.
III тип – жаздық қара бидай тармақка бөлінбейді.
Бұл типтерге жəне тармақтарға бөлуде олардың технологиялық 
қасиеттері есептелмеген жəне оларды зертхана жағдайында анықтау 
мүмкін емес, тек қана құжат арқылы ғана айырады.
I типтің тармақтары: қамалық, волгалық, орталық қара топырақты 
аудандық, сібірлік жəне солтүстік батыстық деп аталған;
II типтің тармақтары: украиналық жəне солтүстік кавказдық деп 
аталған.
Бұл тармақтарды үкіметке тапсырғанда бəрін біргe қабылдап ала 
береді. Стандарттың техникалық шарттар бөлімінде қара бидайды би-
дай сияқты тұрақты шекке жататын жəне одан айырмашылығы бар, яғни 
ең төменгі шектік шарттарға дейін деп екіге бөлінеді. Ол тұрақты жəне 
ең төменгі көрсеткіштердің мөлшерлері стандарттарда көрсетілген. 
Олар бидайға койылған шартты мөлшерлерге ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет