100 дана; 25 дана; 50 дана; 10 дана.
6. Бізтұмсықпен залалданудың жасырын түрін бояу əдісімен
анықтағанда неше бүтін дəн алады?
150 дəн; 200 дəн; 250 дəн; 300 дəн.
7. Қандай бірлікте ашық залалданудың мəні анықталады?
дана; пайыз; грамм.
8. Залалданудың жасырын түрін қандай зиянкес жүзеге асырады?
кішкентай ұн заузасы; бізтұмсық; кене;
астық кеміргіші; суринам ұн жегіші.
№ 11-зертханалық жұмыс
Тақырып: «HNO3 жеделдеткішін қолдана отырып, астықтың
күлділігін
анықтау»
Жұмыстың мақсаты:
Жоғарыда көрсетілген əдіспен астықтың күлділігін анықтауды
үйреніп, əдістемесін зерттеу.
Тапсырма:
1. Бидайдың күлділігін анықтау;
2. Астықтың берілген партиясының күлділігі бойынша базистік
кондицияға сəйкестігін анықтау (1,97%).
Құрал-жабдықтар:
1. Зертханалық диірмен;
281
2. Аналитикалық таразы;
3. Муфель пеші;
4. Эксикатор;
5. Форфорлық тигель;
6. Тигельдік қысқыш;
7. Шыны пластинкалары;
8. Металторлы елек №08;
9. Азот қышқылы, тығыздығы 1,2 г/см3;
10. Қалақша, шөтке, шпатель;
11. 100 гр астық өлшендісі.
Жұмыстың орындалуы:
Орташа сынамадан 30-50 гр дəнді бөліп алады да, бүлінген
дəндерден бөлек шөп-шалан қалдықтарынан тазартып, оны №08-елек-
тен өтетіндей қылып ұсақтайды. Ұсақталған дəнді араластырады да,
шыны пластинкаға жұқа қабатпен тегістеп жаяды, сығымдайды, əр
жерден массасы 2-2,5 гр болатындай өлшенділерді алдын ала өлшенген
тигельдерге салады.Сонымен қатар ылғалдылықты анықтайтын да
өлшенді алынады.
Өлшендісі бар таразыға өлшенген тигельдерді өлшенділерді,
муфельді пештің есігіне əбден құрғағанша қойып, содан кейін
муфельдік пештің ішіне салып, есігін жауып, тигель ашық-қызыл түске
енгенше дейін қыздырамыз. Тигельдегі өлшенділер сұр түсті массаға
айналғанша күйдіреміз. Одан кейін тигельдерді суытып, 3-5 тамшы
азот қышқылын қосып, қайтадан муфельдік пешке салып абайлап,
азот қышқылын буландырады да, тигельдерді муфельді пештің түбіне
ығыстырып, 20-30 минутқа өртейді (тигельдегі өлшенді күлдің түсіне
жеткенше).
Күлденгеннен кейін тигельдер суытылып, өлшенеді. Егер, күл
салынған тигельдердің массасы 20 минут бойы 2-рет қыздырғаннан
кейін өзгермесе, күлдену аяқталды деп саналады.
Дəннің күлділігін абсолютті құрғақ затқа пайызбен:
Xк=mк*100*100/mө*(100-W)
формуласы арқылы есептейді.
Мұндағы, mк – күл массасы, г;
mө – өлшенді массасы, г;
W – ылғалдылық, %.
282
Екі параллель анықтаудың арасындағы рұқсат етілген ауытқу 0,05%-
дан аспауы керек.
Есептеу 0,01% дəлдікке дейін жүргізіледі.
58-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |