47
сталса, дəн толмай, піспей семіп қалады. Бұл жағдайда жоғары дəрежелі
ақуыз, крахмал сияқты күрделі заттар пайда болып үлгермей, оның
ішінде суға еритін қант, амин қышқылдары сияқты төменгі дəрежелі зат-
тар көп болады. Осы себептен жеке дəннің көлемі кішірейеді, сақтауға
да тұрақсыз болады, дəні ұсақ, əлжуаз келеді. Бұл жағдай Қазақстанның
солтүстік аймақтарында жиі кездеседі. Бұған жазда соғатын ыстық жел
де көмектеседі.
Биологиялық ысыраптардың бір түріне дəннің тыныс алуы да жа-
тады. Тыныс алуға крахмал, қант, т.б. органикалық заттар жұмсалады.
Тыныс алудың қарқыны ауа райының температурасы мен дəннің
ылғалдығына байланысты. Күн ыстық болып, дəннің ылғалдығы жоғары
болса, ол қатты тыныс алады, яғни қоректік заттар көп жұмсалып, дəн
арықтайды. Астық толған кезде оның өнімі фотосинтез жүрген кездегі
барлық пайда болған заттардан оның тыныс алуға жұмсалған көлемін
алып тастасақ, сонда қалғаны ғана астықтың қорына айналады. Ал
толық піскен құрғақ дəннің тыныс алуы бəсеңдеп, жоқтың қасы бола-
ды. Сондықтан да астықты тек құрғақ күйінде сақтайды. Құрғақ дəн
деп оның ылғалдығы 14-15 пайыз болатын жағдайды атайды.
Достарыңызбен бөлісу: