18
өнгенде ұрық бүршігінен бірнеше тамыр шығады. Гүл шоғыры масақ
немесе сіңсібас. Бидай мен қара бидайдың дəні жалаңаш, ал арпа мен
сұлының дəні қауызды келеді. Бұлардан ұн жəне жарма алынады, күздік
жəне жаздық түрлері бар.
2. Тары тектес дəнді дақылдардың дəні домалақтау, сақалшасы,
сайы жоқ болады. Бұған тары, жүгері, күріш, қарақұмық сияқты жарма
алуға арналған дақылдар жатады. Олардың, жүгеріден басқаларының
дəні қауызды. Дəн өнгенде төмен қарай кететін бір-ақ орталық тамыр
шығарады. Гүл шашақтары сіңсібас немесе собық. Тек жаздық түрінде
ғана өседі.
Технологиялық жағына барлық ауылшаруашылық дақылдардың
дəнін бір жарнақты жəне екі жарнақты деп бөлу өріс алған.
Бір жарнақты өсімдіктерге барлық дəнді дақылдардың ұрығы жа-
тады. Олар тегінде ұрық бүршігі мен эндоспермнен тұрады, ал екі
жарнақтылар екі дəн жарнағынан (екі жартысынан) тұрады да, олардың
ұрық бүршігі екі жарнақтың ортасында орналасқан. Жарма жасағанда
осы қабықтың ішіндегі жарнақтар бөлініп түсіп қалады. Бұған барлық
бұршақ жəне майлы тұқымдас өсімдіктердің тұқымдары кіреді.
Олардың өсімдік алғаш өскенде, осы екі жарнақтары бірінші жапырақ-
тар тəрізді болып жер бетіне шығады да, ішіндегі қоректік заттардың
қоры таусылған соң солып қалады, содан кейін ғана барып өсімдіктің
кəдімгі жапырақтары шыға бастайды, ал бір жарнақтылардың
эндоспермі жер бетіне шықпайды, яғни бірден өсімдіктің ұрықтық
жапырақтары көктеп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: