Студенттердің білімдерін, біліктері мен дағдыларын бақылау үшін бағалау құралдары 1 және 2 шептік бақылауды өткізу үшін бақылау сұрақтары, емтиханға дайындық үшін сұрақтар 1 шептік бақылауды өткізу үшін сұрақтар: 1.
Ұлттық құқықтың негізгі саласы ретіндегі конституциялық құқықтың түсінігі
2.
«Конституциялық» және «Мемлекеттік» құқық, олардың арақатынасы.
3.
Конституциялық құқықтың реттеу әдістері мен пәні.
4.
Конституциялық-құқықтық қатынастар: ұғымы, субъектісі, объектісі және ерекшеліктері.
5.
Конституциялық-құқықтық нормалар, олардың ерекшеліктері.
6.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы қайнар көздерінің ұғымы және түрлері.
7.
Конституцияның ұғымы, заңдық қасиеті, қағидалары, қызметі.
8.
Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы.
9.
Қазақстан Республикасының Конституциясына ресми түсінік беру ерекшеліктері.
10.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға әсер еткен факторлар.
11.
Қазақстан Республикасының Конституциясы дамуының негізгі кезеңдері.
12.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы демократиялық, зайырлы,
құқықтық, әлеуметтік, біртұтас егеменді мемлекет.
13.
Мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу түрлері.
14.
Экономикалық жүйенің конституциялық негіздері.
15.
Қоғамның саяси жүйесі, оның элементтері Қазақстан Республикасының азаматтығы және
оның принциптері.
16.
Азаматтықты алу және тоқтату тәсілдері. Балалар азаматтығы..
17.
Жеке адам құқықтық жағдайының принциптері.
18.
Адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары, міндеттері және олардың
кепілдіктері.
19.
Шетел азамттары мен азаматтығы жоқ адамдар мәртебесінің заңдық реттелуі.
20.
Саяси плюрализм, оның түсінігі мен мазмұны.
21.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайы.
22.
Саяси партия ұғымы, олардың құқықтық мәртебесі.
23.
Саяси партиялардың қызметінің ерекшеліктері.
24.
Сайлау жүйесі және сайлау құқығы. Сайлау құқығының принциптері.
25.
Сайлау органдары: Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиясы, округтік
сайлау комиссиясы, учаскелік сайлау комиссиясы, олардың құзыреті.
26.
Кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібі. Сайлау алдындағы үгіт. Дауыс беру. Сайлауды
қаржыландыру.
27.
Президент, Парламент және мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
сайлауды өткізудегі ерекшеліктер.
28.
Референдум ұғымы, оның конституциялық негіздері.
29.
Республикалық референдум талқысына қойылатын мәселелер.
30.
Республиканың референдумның талқысына қойылмайтын мәселелер.
31.
Республикалық референдум бойынша шешім қабылдаушы бірден-бір субьект ретіндегі
Қазақстан Республикасы Президентінің рөлі.
32.
Республикалық референдумға бастамашылық жасау құқығы бар субъектілер.