БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕР 2 • Мекен орны дегеніміз не?
2-бөлім: Жердің биомдары • Биом дегеніміз не?
Қосымша сұрақ С2. Экологияда “бірлестік” термині нені білдіреді?
Бірлестік – экожүйедегі барлық тірі ағзалардың жиынтығы. Егер тоғанды экожүйе ретінде қарастырсақ, ондағы
бірлестікке балдырлар, итбалықтар, жәндіктер және балықтар секілді барлық тірі ағзалар кіреді.
Мекен орны – ағзаның экожүйеде алатын орны. Ол ағзаның физикалық орнын және басқа ағзалармен әрекеттесуін
қамтитын экожүйеге байланысты кез-келген қасиетіне қатысты айтылады. Мәселен, ол немен қоректенеді және
оны не қорек етеді. Бір түрге жататын даралар экожүйеде бір мекен орнын алады, себебі олар биотикалық және
абиотикалық табиғат бөліктерімен әрекеттескенде, бірдей рөл атқарады.
Қосымша сұрақ С3. Әр алуан түрлер бір мекен орнында тұра алады ма?
Жоқ, әр алуан түрлер үнемі әртүрлі мекен орнын паналайды. Мысалы, бүркіттің экожүйедегі атқаратын рөлі
қаршығаға ұқсағанымен, өз ерекшеліктері бар. Сондықтан, біз оларды әртүрлі мекен орнында тұрады деп
айтамыз.
ДИАГРАММА 02: Биомдар – территориясында өсімдіктердің айрықша
түрлері басым және сәйкесінше экожүйенің кейбір
түрлеріне мекен болатын Жердің үлкен аймақтары.
Ерекше биомдар ұқсас климаттық шарттарға ие,
сондықтан өсімдіктердің, жануарлардың және басқа
ағзалардың ұқсас бірлестіктеріне мекен болады.
Жердің басты биомдарына тропикалық ормандар,
саванна, шөл, тундра, ішіне тайга да кіретін жалпақ
жапырақты және қылқан жапырақты ормандар жатады.